Совет–Хан Єаббасов


ТҮЙІНІ: Педагогика мен психологияның УІІ‑ші негізі,(Кәмлеттік кезең)



бет260/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ТҮЙІНІ:

  1. Педагогика мен психологияның УІІ‑ші негізі,(Кәмлеттік кезең);

  2. Жалпы мектеп, жаңа оқу жүйесінің мәні;

  3. Кісілікке жету,жігіттікке толу,

  4. Фараби мен Абайдың жәуанмәртлік ілімі;

  5. Психология мәдениеті;

  6. Темпераменттер – сангвеник – холерик – меланхолик –флегматик;

ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:


Жоғарыдағы тақырыптарды игеру.

О Н Ы Н Ш Ы Т А Р А У


2200 Сенімді адам қажет — а р д ы ойлайтын,


Ашкөз — кімге керек? күйсесе де тоймайтын.

Кісілікті ұят — сақтап қалады,


Ұ ят ы бар кісі — адамдардың а д а л ы:

Ұ я т ы бар Ерге — ісіңді с е ні п бер,


Н а м ы с көрер — адасуды, ж е л і к п е н!

Ұятсыздың — алдау-арбау, арманы,


Сөзі — ө ті рі к, залымдардың — з а р ж а ғ ы.

Тыңда адамды — ұ я т т ы, көзі нұрлы, жолы хақ,


А қ ы л айтқан ақ жүрегін – қолына ап:



  1. Ұ я т с ы з д ы ң — жақын жүрме, маңынан,

Арылмассың — а р ғ а тисе, шаңынан.

Ұятсыздың көзі— а т о й л а п тұрады,


Тіміскіген — тентектіктен тұнады!»
Ж. БАЛАСАҒҰН.
§ 1. ЖЫНЫС ҚАТЫНАСЫ ЖҰМБАҚ ПА?


«Әдепсізге— қосылма сен, тыныш бол,
Т ү б і ж а н ж а л — әдепсізден шығар ол!»
Ж. БАЛАСАҒҰН.


Махаббат. Махаббат — дейтін ұлы сөздің мазмұны мен мәніне, тек жер бетіндегі т і р ш і л і к әлемі ғана қатынасып қоймайды, оған бүкіл аспан әлеміндегі біздің санамызға сиятын да, тіпті с ы й м а й т ы н да қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң барлығы да тәуелді. Әлемдегі — үндестік заңы да, м а х а б-б а т ұғымының — бір қыры екендігіне ешкім де күмәндана қоймас. Ендеше, жаратылыстың бүкіл әлемдік махаббатының сүт кенжесі болып табылатын адамзат қауымы, махаббаттың нағыз шынайы с ы р ы н тереңдей ашып та, парақтай оқып ұғынып та болмаған тәрізді. Махаббат атаулының (имани гүл) мазмұ-нындағы — сан алуан мәні мен мың сан қ ы р ы н — адам баласы ескіргеннен бері үндестіре түсінуге тырысқаныменен, әлі күнге дейін біржақты сыңар түсініктен айығып кете алған жоқ. Сондықтан да, бүкіл ә л е м д і к махаббаттың мәні түгіл, тіпті жер бетіндегі он сегіз мың ғаламды айтпағанның өзінде, әуелі, адамзаттың өз арасындағы махаббат хақындағы түсінік тереңдіктері әлі де сын көтермейтін жағдайда екендігін көріп отырмыз. Тіпті, басқаны былай қойғанның өзінде, әрбір адамның жеке бастарымен тығыз байланысып жатқан махаббат түрлері: ата-ана мен бала арасындағы, аға мен бауыр, апа мен қарындас, туыс-туғандар немесе шаңырақ асты мен от басы, Туған елің мен Отаныңа деген с ү й і с п е н ш і л і к т е р д і ң өзі де көптеген келеңсіз қылықтарға ұшырап жүргені бүгінгі өміріміздің шындығы емес пе?
Иә, шынайы махаббат — нағыз б а қ ы т т ы болудың кепілі! Осылай екендігін, кезінде — данышпан бабаларымыз Фараби де, Абай да кең толғап өз ойларын қалдырған еді. Бірақ, «білме, білгеннің тілін алма» деген қадетімізбен қарысып, әлі күнге дейін олардың, айтқан өсиеттерін еске алмай келеміз. Осының салдарынан, уақыт озып жыл өткен сайын ‑адамдардың арасындағы сүйіспеншілік те тозып, б а қ ы т деген құр айтылған ж а ң ғ ы р ы қ сияқтанып барады.
Ендеше, шынайы махаббаттың яки, нағыз б а қ ы т атаулының бағын байлап, оның толық қанды мазмұнын аштырмай жүрген, қара жүрек албастының заты қандай ?.. Аты не? Оның тұрағы қайда? Қалай іздеп, қайтып көзін құртуға болады ?..
Бұл сұрақтардың жауабын іздемеген адамзат алыптары аз. Ғасырлар бойы адам баласының санасын сарсылта сандалтып та жүрген, ең негізгі мәселе де осы?! Тіпті, адамзат қауымынан шыққан не бір ғұламалар, бұл сауалдардың жауабын баяғыда-ақ ашып талдаса да, күнделікті өмірдегі тіршіліктерімізде әлі сол бәз-баяғы қалпында жамандығы мен жайсыздығы жалғасып келеді. Қазіргі кезде, оның аты-жөнін адамзат анық та, айқын біледі десек, тіпті де артық айтқанымыз емес. Сонда, бұл зұлматтың — жөні не? Тым ұзартып созбай, қысқа ғана өзінің аты-жөнімен атап көрелік?! Ол — өзімізге күнделікті таныс, өзгені сүймес — ө з і м ш і л д і к!!! Бүкіл айналасын оттай қарып жалмайтын, өзгеге де, өзіне де опа таптыра бермейтін, өзегі жа-лын — ө з і м ш і л д і к! Осы өзімшілдіктің салдарынан, от басы — ойрандалады, шаңырақ ортасына түсіп — О т а н сатылады, күллі адамдық ізгі сезімдер мұздай сіресіп, тасбауыр күймен өзегіңде семіп, өзімшіл тіршіліктің азабына оранып күн кешеді. Мінеки, осыншама ауыр күйзелістің негізі де, адам тәрбиесінің кезеңдерімен ұштасып жатыр. Олай болса, а қ пен қ а р а сияқты, махаббат пен өзімшілдікте — өзара сыйыса алмайтын, қарама-қайшылық екенін түсінгеніміз жөн. Ендеше, әр адам күллі адамзат қоғамы, өзінің ішкі жан-дүниесіндегі өзімшіл сезімдердің түп тамырын, тек ж ү р е к тәрбиесі мен а қ ы л тәрбиесін үндестіре жетілдіргенде ғана б а қ ы т ы н таппақ. Ал, б а қ ы т қ а апарар жол мен оған жеткізер күш, телегей-теңіз рухани мәдениеттілікпен табылса керек. Міне, осыдан келіп үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінің мәні де — осы адам тәрбиесіндегі елеусіз қалған жан-дүниенің жетілуін жете талдап түсінуімізге міндеттейді. Бұл түсініктің негізгі кілті — махаббат немесе имани гүл ілімінде жатыр. Былайша айтқанда, махаббат — күллі адамшылық, сезімдеріміздің — Анасы! Ал, өзімшілдік— бүкіл тіршілікке тән ізгіліктің — қас жауы екен. Ендігі кезекте, осынау қарапайым ғана сөздерге байланып тұрған ұғым қатегорияларын, жаратылыс пен тіршілік заңдарына байланыстырып асықпай талдап көрелік.
Жастардың кәмәлетке толған кезеңі, адам ғұмырының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет