Әке ішінде болашақ ұрпақтың сапалық қасиетінің бастауында тұр.
тәрбиесі. Ол ең әуелі өзіне өмірлік жар іздеген сәттен‑ақ, ата‑бабамыз
дан келе жатқан тектік мәнді ескеріп, тіршіліктің қайнар көзі болып саналатын ұрық тазалығына тікелей жауапты екенін айтпақпыз. Олай болса, ұрпақ тәрбиесінің ең алғашқы физиологиялық кезеңі, семья құруға дайындық пен ұ р ы қ тазалығына, — әке тәрбиесінің берері мен ықпалы өте зор. Ендеше, қазіргі күнде аса жиі байқалатын, ер-азаматтың үйлену тойының үстінде, арақ ішіп өз ұрпағын уландырмақ түгіл, тіпті үй болардың алдында денсаулықтарын тексертіп, балалықпен шатасқан кейбір әдеттерінен арылуы керек. Себебі, ұрығынан бұзылып туған ұрпақты, ештемемен де жөндеп алу мүмкін емес! Мұны, есі дұрыс ел боламыз десек, жасымыздан кәрімізге дейін, түгелдей имандай ұйып түсінуіміз қажет-ақ. Бұған — әйел қауымы да, бей-жәй қарай алмаса керек. Ол өзі сүйіп қосылғалы тұрған еркегінен, ұрық тазалығын міндетті түрде талап етуге тиісті. Міне, осылайша ұрпақ тәрбиесінің бірінші кезеңіне тікелей әке жауапкершілігі ықпал етпек.
Ал, ұрпақ тәрбиесінің екінші кезеңі — түгелдей ананың жауапкершілігіне ауысатындарын, алдыңғы тарауларда егжей-тегжей тоқталған болатынбыз. Бұл кезеңде де еркек атаулы, өзінің тәртібімен де, ақыл-парасаттары жеткенше ананың жағдайларын жеңілдетуге тырысады. Жұбайының көңіл-күйлерін көтеру арқылы, оның мейірімді сезімдерін байытып, тоғыз торқаның ішінде жатқан жан иесінің, ж ү р е к тәрбиесін жетілдіруге, пәрменді түрде ықпал етуді ұмытпағандары жөн. Егер, халқымыздың болашақта шаңырақ көтеріп, семья кұратын жастары, осынау бір ұлағатқа жүрдім-бардым қарамаса, онда бүкіл жұртымыздың бақытқа кенелері сөзсіз.
Енді, нәрестенің дүниеге келетін, ұрпақ тәрбиесінің үшінші кезеңінде, бесік пен б е с і к ж ы р ы н ы ң бұрынғыдай қалпына келуіне, күллі әке атаулы бар жігерлерімен кірісетіндігіне сенгіміз келеді. Ал енді, балбөбек кезеңінде де, сәбидің тілінің дұрыс шығуына, әке тәрбиесінің ықпалы аз емес. Әсіресе, ер балаға тигізер әсерін ерекше атаған жөн. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастырады. Әсіресе, ұл бала үйдегі де, сырттағы да еркекке қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та мейірімді болса, ер бала балиғат жасына жеткенге дейін, әкесінен жасыратын сыры да мұңы да болуға тиіс емес. Ал, балиғаттықтың өзіне тән жұмбағын жасыратын кезде — ізгілігі мен инабаты мол жезде тәрбиесінің ықпалдары басталады.
Қазақ халқының ұлттық дәстүр-салтындағы ж е з д е