Совет–Хан Єаббасов


Жезде мен балдыздың ара қатынастары, .мейілінше тату және тәрбиесі



бет275/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   294
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жеңге
Жезде мен балдыздың ара қатынастары, .мейілінше тату және
тәрбиесі. бір-бірлеріне деген сенімділікпен қалыптасады. Әрқайсысы
өмірдегі өз орындарын біле тұра, өзара қарым-қатынастарын барынша ашық сыйластыққа құратындықтан, екеуара қалыптасатын мейірімдері, ізгілік сезімдермен астасып жатады. Міне осындай дәстүр-салтымыздың сипатына орай, ер бала балиғат жасына жеткен кезде, өзіне түсініксіз жайларды жездесінен сұрап үйренуден жасқанбайды. Әрине, бұл қатынастардың терең сезіммен тәлімді болуы үшін, сөз жоқ, өмір тіршіліктен алған тәрбиесі мен мәдениетіне ерекше байланысты болмақ. Мұндағы ең жауапты сәттер, ер баланың кәмәлетке толып, өзінің бозбалалық шағындағы өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Міне дәп осы кезеңде, жақсы жезденің тәрбиесі, ерекше сипат алады. Тіпті, оның жасөспірім жеткіншегіне берер тәрбиесін, халық даналығы: «Әкенің ең жақсысы — жездедей-ақ» дейтін түсінік те қалыптастырған.
Жезденің балдызына жар таңдауды үйретуі, оның дәстүр-салтымыздағы қалыптасқан сипаттары жайында, тіпті тең құрбыласы ретінде қыздармен қалай сөйлесуге дейін ашық сырласып отырған. Кейде қасына әдейі ертіп жүріп, тұрмыстағы көптеген көріністерді де ащы шындығымен қоса, күрделі құбылыстарына дейін түсіндіруді өзінің парызына санаған. Міне, осының бәрі де айтуға ғана жеңіл сияқтанғанымен, өзі бір жатқан мектеп тәрізді ұлағатты нәрсе.
Қазақ ғүрпындағы жасөспірімдер үшін, әсіресе, бой
Жеңге жетіп отырған қызға да, ер жетіп қалған ұлға да ауадай
тәрбиесі. қажет, туған жеңгелерінің тәлім-тәрбиесінің орны ерекше
бөлек. Егер, бойжетіп келе жатқан қыздың жеңгесі жақсы болса, оның күллі рухани байлығының сапасы мен сипаты, түгелдей сол жеңешесінің қолында деуімізге болады. Мінездері үйлескен жайлы болса, жеңгесі мен қайын сіңлісінің достығы мен татулықтарында шек жоқ. Жалпы, балиғат жасына жеткен ұл мен қыздың тәрбиесіндегі интимдік бағдарларын, әркез жеңгелері реттеп отырмақ. Жеңге тәрбиесінің өзіне ғана тән тағы да бір ерекше қасиеті — оның қайнысына да, қайынсіңлісіне де ортақ ықпал ете алатындығы болып саналады. Мұндай ерекшелік, тіпті, жезде тәрбиесінде де бола бермейді. Мәселен, қыз жеңгесінен жасыратын күйеу жігітте де сыр болмайды. Сол сияқты, арақатынастары жақсы болса, жігіттікке жетіп қалған қайнысының да, ең жақын сырласатын адамы туған жеңгесі екені белгілі.
Әсіресе, жеңге тәрбиесінің ерекше қажет кезеңі, ұл мен қыздың семья құруға талпынған шақтарында, олардың арасындағы қарым-қатынастар соншама тереңдеген сипатқа ауысады. Қыз бала қашан туған босағасын аттап кеткенге дейін, барлық ойы мен армандарын жеңгесіне айтып, ақыл-кеңес сұраудан бір сәтке де тыйылмайды. Таныса келе, жеңге тәрбиесінің ықпалына күйеу жігіт те қосылады. Мінеки, жеңге тәрбиесінің құдірет күші осындай.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі а н а н ы ң орны тым ерекше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет