ІШКІ БЕС СЕЗІМ - дегеніміз не? Адам ағзасындағы сыртқы БЕС сезім мен Ішкі БЕС сезімнің айырмашылығы неде ? Қысқаша жинақтап айтсақ, Ішкі бес сезім - Жанның ең құдіретті., ең әмбебап.., ең терең де тылсым құпиясы мол а р н а л а р ы болып табылады. Соңдықтан да данышпан Рудаки :
«Ж ү р е г і ң м е н сезбесең, Әлемніңс ы р ы н ұқпайсың. К ө з і м м е н көремдегенмен,
Барлығын б а й қ а п шықпайсың» -
деген тұжырымында теңдессіз терең мағына жатыр. Тіпті жоғарыдағы Сыртқы және Ішкі бес сезімдердің айырмашылығын, бұдан артық дәл сипаттау тіпті де мүмкін емес.
КӨКІРЕК КӨЗІ -адамның табиғи қасиеттерінің ішіндегі ең бір тамаша сипаты болып табылады. Көкірек көзі - жүрек тәрбиесімен ашылған адам - таңғы-махшар н ұ р ы н да бар болмысы арқылы сезінумен қоса, тіпті тіршілік атаулының келер болашақтағы өмірлерін де дәл айтып көріпкелдік жасайтыны жайлы мысал көп. Өзгені айтпағанда, кеше ғана өмірден өткен - ВАНГА-ӘЖЕНІ еске түсірсек жетіп жатыр.Ол-осынау жарық дүниедегі құбылыстар түгіл о дүниедегі құпияларды да, тек көкірек көзі арқылы көре білген жан ?! Оның айтуынша, "Жер бетіндегі кез-келген тіршілік иелері, бүкіл Әлемдік ы р ғ а қ пен т ә р т і п т і ң аса қатаң үндестіктерін сақтамаса, тартар жазасы мен көрер бейнетінің көп болатынын үнемі ескертіп өткені белгілі. Сонда одан осы үндестіктерді бұзбай, қалай өмір сүруге болады? – деп сұраған да, - Иә-ә, болады!.. Жолы бар!.. ОЛ -ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, тек қана қайырымдылық, деген екен. Оның тағыда жиі қайталап айтатыны, -Уақыттың аса ауыр кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Адамдар арасыңда келісім жоқ! Тіпті, жаңа туған бала анасының с ү т і н е жарымауы қажыған ж ү й к е д е н ғана емес, олардың өзара үндестіктері мен жалпы байланыстарының әлсіздігінен екенін ұғынуымыз керек.Барлық буындағы адамдардың бір-біріне деген реніштері мен өкпелері тым көп.Өзімшілдік пен Қанағатсыздықа - ден бере-бермей, р а қ ы м етуге бет бұрудың қажеттігін жиі уағыздайды"Адамдардың көкірек көзінің ояу болуы, тек көріпкелдік үшін ғана қажет емес, ең бастысы тіршілік динамикаларын дұрыс аңғарып, дер кезінде нақты шешімдер қабылдауына көмектеседі. "Жаман айтпай -жақсы жоқ, - дегендей, Жазатайым, сыртқы көру мүшелері - Көзден айрылған жандардың - Көкірек көздері ашылған болса, аса үлкен қиыншылықтарды сезінбей-ақ, тіршілік ету қабылеттерінен жаңыла қоймайды. Міне, ішкі бес сезімдерді жетілдірудің ауадай қажеттілігі айтпаса да түсінікті болар.