Совет–Хан Єаббасов



бет41/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   294
5). ШИРАҚ

Парсылармен соғыстан кейін сақтардың жағдайы қиын болды. Сақтар ең ержүрек жауынгерлерінен айырылды және халық саны да қысқарды. Билік те бір адамның қолында болмаған. Сақ патшалығы үш хандыққа бөлініп кетті. Үш хандардың аты: Омар, Тамыр, Сакесфар. Оған қоса олардың арасында бірлік те болған жоқ.


Кирдың өлімінен кейін, қарулы көтеріліс арқасында таққа оның ұлы емес, оның қолбасшысы Гистаптың ұлы Дарий отырды. Енді ол сақтарды өзіне бағындырып, жерін кеңейтіп алуға тырысты. Бұл мақсаты үшін ол айқын жоспар ұйымдастарды. Әскерлерін тез және шығынсыз өткізу үшін, ол үшін алдын-ала Сырдарияның төменгі ағысында көпір тұрғызды. Оның жоспарына Парсыға болат әкелу де кірді. Б.з.б. 518-517 ж.ж. Дарий сақтарға жорығын бастады. Кейбір ақпараттар бойынша оның әскер саны 300 мыңға жеткен, ал кейбіреулерінде 700 мыңға да жеткен. Дариий сақтар ішінен өзіне тыңшыларда тауыпты, сондықтан ол барлық оқиғаларды біліп отырған. Сақтарда бірлік болмакғандықтан парсылар бір сақтарды өлтіріп, сақ киімін киіп алып басқа сақтардың жауынгерлеріне шабуыл жасады. Сақтардың жауынгерлері азая бастады. Үш ханның мәжілісі еш нәтиже бермеді. Жауларының жеңілмесін көріп, егерде оқиғалар дәл осылай дами берсе Дарий жеңетінін көріп, Ширақ өз жоспарын ұсынды. Ширақ сақ жерін өзінің бес саусағындай білетін табыншы болыпты. Бірақ ол хандарға өзінің шартын қойды.Онда олар Ширақтың балаларын өз қамқорлығына алатыны айтылған. Хандар оған келісім берді.
Ширақтың жоспары бойынша, ол Дариийдың жауынгерлерін қансырап, қатты жарақаттанған күйде кездестіріп, үш ханның біреуімен араздастығын айтып, өзінің «жауыз мақсаты» үшін оларды қысқа жолмен апаруды ұсынады. Және құдықтардағы су уланғанын айтады. Оған сенген жауынгерлер Ширақтың артынан «қысқа жолмен» кетті. Жол өте ұзақ болды. әскер сусыз және тамақсыз өте әлсіреген еді. Саз-балшықта әскердің саны қысқарды, ал қалғаны шөлден өлген. Енді Дарий соғысты жалғасытыра алмайтынын және кім кінәлі екенін түсініп Ширақтың басын шауып тастаған. Өлер алдында Ширақ: «Бөтен елдерге жаман ниетпен баруға болмайтынын. Өйткені олар бөтен жерде жерленуімен аяқталуы мүмкін. Ал мені жауларым өлтірсе де мен өз жерімде қаламын»- депті. Дарий Қызыл Күнге сиынып, төрт жағыннан саз-балшықпен қоршалған, шөлден әлсіреген күйде, енді ешқашан сақ жеріне кірмейтінін, және осы жерден шыға алса өз отанына кететініне уәде берді. Ол шөлін қандыру үшін кішкене ғана су сұрағанда, аңыз бойынша Тәңір оны естіп, жауын жауа бастаған екен. Шаршаған әскер шөлдерін қандырып, қоржындарын сумен толтырып алған соң өз отанына қарай аттанды. Бірақ, қайтар жолында, ол Бехистун деген жерде үш тілде мынаны жазуға бұйырған екен: «Мен өзеннің ар жағында болдым, шошақ бөрікті сақтар жерінде... оларды тас-талқанын шығарып, кейбіреуін тұтқынға алдым, ал олардың көсемі Скхуна менің алдымда бас иген еді. Ал екінші маған ұнаған көсемін қол-басшы етіп қалдырдым.»
Осылай, сақ жері Ширақтың арқасында Дарийдың әскерінен тазартылды. Дарий ендігәрі сақ жеріне аяғын баспайтынына уәде берді, ал халық өзінің батырын бостандық үшін азапты жолын нұрландыратын «жарықпен» теңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет