Совет–Хан Єаббасов



бет40/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   294
4). ТОМИРИС (Тұмар).

Томирис Скиф көсемі Ишпакаидың ұрпағы болған. Мадидың шөбересі, Сыпыраның қызы немесе немересі екені белгілі. Ал күйеуінің аты әлі анықталмаған. Кейбір ақпарат көздерінен күйеуі тиграхауд ханы Каваданың ұлы Рүстем деп айтылған.


Б.з.б. 530-529 жылдары Мидия ханы – Кир, көптеген жерлерді өз иелігіне алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болғаннан соң, Ұлы далаға жорыққа шыққан. Шабуылды Сырдария - Түркістан мен Отырардың арасынан бастаған. Ол кезде сақтарды ханның жесірі Томирис басқарған. Кир елшіні Томириске жіберіп, оған тұрмысқа шығып екі елді біріктіріп, мәселені соғыссыз шешуді ұсыныпты. Бірақ оған патша қабыл ала алмады.
Бірінші соғыс жәңіспен бітті, оны Томиристың ұлы Спарғапыс басқарған. Сақ дәстүрі бойынша жәңістен кейін той болуға тиіс. Соны пайдаланып парсылар сақ жауынгерлеріне түнде әдеттегіден күштірек шарап құйып жіберген. Нәтижесінде сақтар қатты мас болып қалғандықтан, парсы патшысы Кир әскердің үштен бір бөлігін және Томиристің ұлын тұтқынға алған. Келесі соғыста әйелдер және сақ-қыздары қатысқан. Бұл жорықты Геродот «ең қатал және ең ұлы соғыс» деп атады. Қанды қырғын сақтардың жеңісімен аяқталды, бұл жорықта парсылар сақ елінің ержүрек қыздарын көреміз деп күтпеген де екен. Геродоттың айтуынша, барлық парсылар шайқас алаңында мерт болыпты, олардың арасында Кир де болыпты. Бұл жағдай Парсы еліне үлкен соққы болды және көрші елдердің арасында әскери беделі күрт төмендеп кетті. Сол шайқаста «Азия әміршісі» жойылды. Бұл жеңіске Томирис өз ұлын және әскерінің көп бөлігін жоғалтып қана қолын жеткізді. Кирдың басын шауып: «Саған қан керек болса, міне іш!» деп қан шалшығына лақтырып тастады.
Томирис бізге бөтен жерлер керек жоқ, бірақ өзіміздің жерімізді және көкшіл күмбезді аспанымызды ешкімге бермейміз деген.
Томирис өз халқының арасында беделді адам болған. Оның дәлелі Томирис қайтыс болғаннан соң сақ елін тек бір ғана хан емес үш хан бірігіп билеген. Халық арасында Томирис туралы көптеген аңыздар тараған. Егерде қыз туса көбісі Томирис деген атты таңдадаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет