Совет–Хан Єаббасов


). ТОНЫКӨК (шамамен 646-731 ж.ж.)



бет44/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   294
8). ТОНЫКӨК (шамамен 646-731 ж.ж.)

Тоныкөктің аты Шығыс-Түрік қағанатының құрылуымен, бостандық алуымен тығыз байланысты. Оның дәлелі ежелгі түрік руналық жазбалардағы, ескерткіштердегі мәліметтер. Тарихшы Ма Шан-шуаның айтуынша Тоныкөк Сабек-Карлұқ мемлекеті тайпасының өкілі болып табылады. Жас кезінде, Қытайдың астанасында тұрып, жақсы білім алыпты. Тоныкөк өзінің даналығымен көзге түсіп Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарының кеңесшісі болған. Шығыс-түрік қағанатының реформаторы Култуган қағанның серігі болып, ол қайтыс болғанда оның орнына отырған. Тоныкөк жақсы қолбасшы болған. Елтеріштің ұлдарымен және Білге-қағанмен түркештер мен қытайларға қарсы жүргізген соғыстарында тек қана жеңіс әкелген. Тоныкөк 27 рет қытайлармен, 5 рет оғыздармен, 7 рет кутондармен соғысқан.


Түркештер мен қытайлықтарда тәуелсіздік алғаннан кейін, бейбіт сыртқы саясат жүргізген. Тоныкөк көрші елдермен әрқашан да жақсы қарым-қатынаста болу керек деген ойда болған. Ол Қытаймен маңызды және нәтижесі екі мемлекеттің тағдырын шешетін келіссөздер жүргізетін.
Тоныкөктің әрбір соғысы туралы балбал тастарда жазылған. Ол арқылы тарихшылар қарсыластарының күшін, қару-жарақтары, соғыс өткен жер және уақыты туралы көп мәліметтер алуға мүмкіндік жасаған.
Орхон-енисей жазуында Тоныкөкке арналған жазба бар. Ол жерде әңгіме бірінші жақта жүргізіледі. Тоныкөктің арманы сыртқы және ішкі дұшпандардан тәуелсіз және азат түркі халқы еді.


9). ҚОРҚЫТ (IX ғ.)

Қорқыт – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы және қобызды ойлап тапқан адам. XVI ғ. әдеби ескерткіш «Китаби деде Қоркыт» (Қорқыт ата кітабы) арқылы Қорқыт оғыз қағанаты уақытында (IX-X ғ.ғ.) өмір сүргенін анықтауға болады. Шоқан Уәлиханов Қорқытты қазақтың бірінші бақсысы және ақыны деп атайды. Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін терең білген Әлішер Науаи әулиелер өмірбаяны туралы жинақты аудару басында Қорқыт туралы арнайы тоқталған.


Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.
Аңыздарға сәйкес Қорқыт түйені бауыздап, қобызды құрастырған екен. Қобыздың әуені арқылы ол адамдарды әртүрлі дәрттерден құтылуға көмектесетін. Қорқыт үшін адам өзінде адамгершілікті сақтау тиіс және адам үшін ең қорқыныштысы – адамгершілікті жоғалту. «Қонақ келмейтін үйге, құлап жоғалғаны жақсырақ, ат жемейтін ащы шөпке өспей қалғаны жақсырақ, адам ішпейтін ащы суға ақпай қалғаны жақсырақ, әкесіне атақ әкелмейтін ұлға тумағаны жақсырақ» «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас» «анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман». Сол аңыздар бойынша Қорқыт өте көп саяхаттаған адам және жат елден отанда жақсырақ екенін түсінген. Барлық саяхаттарда ол өзінің досы‑інгені Желмаямен болған.
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі XV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екінші – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес. Бұл орайда Қорқыт туралы аңыз-әңгіме түрінде жеткен, заттық айғақ түрінде жеткен, күй түрінде жеткен және топоним түрінде жеткен ең мол дерек оғыздың ата жұртында сақталған. Бұл эпос Орта Азияда табылған, ал Қорқыт туралы аңыздар қазақтар, қырғыздар және т.б. түрік тілдес халықтар арасында көп таралған. Кітапта қазақтарға таныс географиялық атаулар және сөздер көп. Сондықтан кітап қазіргі Қазақстан территориясымен байланысты екенін көре аламыз.
В.В.Бартольд 1992 жылы орыс тіліне толық аударма жасаған, бірақ 1962 жылы ғана жарияланған. Ал қазақ тіліне 1986 жылы А.Марғұлан, Н.Келимбетов және А.Қоңыратбаев деген ғалымдар аударған.
Аңызда Қорқыттың өтініші бойынша, зиратың басына жел соққанда әдемі әуен шығаратын қобыз қойыпты.
Қызылорда облысындағы Жуалы деген жерден 18 км. Жерде Қорқыт атаға архитектуралық ескерткіш қойылған. Авторлары архитектор Б.А.Ибраев және физик С.И.Исатаев. Ескерткіш сыртынан құлпытасқа ұқсайды, ал ішінде жел соққан кезде қобыздікіндей әуен шығаратын 40 метал құбырлардан жасалған орган тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет