Совет–Хан Єаббасов



бет37/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Дельфиндер әңгімелер өте көп. Тіпті, сонау көне замандағы аңызда : ‑
"Дельфин - әуел баста адам болған еді. Зевстің тентек баласы Дионистің қырсығынан олар құрлықты тастауға мәжбүр болып, қайыра су астына кетіп тіршіліктерін жалғастырады. Осылайша олар балыққа ұқсап қалыпты-мыс" - депте айтылады екен. Олардың теңіз үстіндегі апаттарда адамдарға көмектесетіндігі жайында жазылған деректер де аз емес. Алайда ғылым осы күнге дейін дельфиндердің көптеген ерекше қасиеттерін де, олардың қайдан шыққан тектерін де тап басып айта алмайды. Жалпы жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәрі де, су астынан шыққандары анық. Олай болса дельфиндердің де алғашқы мекені мұхиттардың асты екені даусыз. Бірақ, бұлардың каңқасындағы қайбір т е т і к т е р кезінде дельфиндердің құрғақта өмір сүргенін айғақтаумен қоса, әлденендей бір төрт аяқты сүтқоректілерден таралғанын да аңғартады. Ал оның қ а н ы н зерттеу арқылы, дельфиннің к и т тәрізді жануар екенін білеміз. Жалпы Киттер мен тұяқты жануарлардың арғы тектері бір болып табылады. Қалай болғанда да осыдан 65 миллион жылдар бұрын дельфиннің ата тектерін құрлықтан бездіріп, оларды қайтадан су астына түсірген қандай күш екен? Бұл тылсымның сыры адамзатқа әлі күнге дейін белгісіз.
Дельфиндерді зерттеу институтының білгір ғалымы Моргеннің айтуынша: -"Дельфиннің миы адам миынан қай жағынан да кем түспейтіндігін байқатады. Мәселен, мидың қабатындағы /кора/ толып жатқан и р е к салалар – зерде мен зейіннің қуаттарын сақтаумен қоса, саналы түрде ойлану мен ой қорытудың орталығы екені әбден дәлелденген құбылыс. Тіпті, ой қорытудың сапасы мен терендігі тікелей осы ирек сызықтарға байланысты екен. Олай болса, дельфиннің үстіңгі ми қабаттарындағы ирек сызықтардың саны адам миындағы иректерден екі еседей көп. Сол сияқты ми клеткаларының саны да 50 - пайыздан артық. Мұның бәрі ойландыратын деректер" - деп сөзін тұжырымдайды.
Жануарлар әлемінде байқалатын оқыс әрекеттер мен
Түйсіктен тыс қалыптан тыс қылықтар жиі айтылады. Бірақ бұндай
құбылыстар жағдайлар көбінесе түсініксіз күйлері қала береді.
Мәселен, ең күрделісі сол - осы құбылыстарды қалай ұғынып, немен түсіндіруге болатындығында жатса керек. Жалпы хайуанаттардың психикасының да негізгі қызметі рефлекстік механизм екені түсінікті. Бірақ, түйсіктен тысқары жатқан әрекеттердің де бар екенін мүлдем елемей қоюға да бол-мас?! Өйткені ендігі жерде, жануарлардың да түйсіктен тыс ерекше о й л а у қасиеттерін бұрынғыша "соқыр түйсікпен" немесе тұқым қуалаумен ғана байланыстыру аздық етеді. Олардың оқыс әрекеттерінде, қарадүрсін болса да с а н а н ы ң бар екені күмән тудырмаса керек. Ендеше, бұрынғыдай тапқыр ойлай алмайды деу, аса дөкір біржақты тұжырым екені анық. Соның дәлеліндей, белгілі зоолог А.Портман ұсынған әртүрлі жануарлардың ой өріс өлшемдері төмендегідей: - Адам - /214 ұпай/ бірінші орында, Дельфин - екінші орында /195 ұпай/, Піл – үшінші орында /150 ұпай/, Маймыл - төртінші орында /63 ұпай/, Құлан - /42 ұпай/, Жираф - /38/, Түлкі - /28/, ең ой-өрісі тары Бегемот екен. Ол небәрі 18 ұпай жинапты.
Осы ең ақылсыз Бегемот жайында бір оқыс әрекетті мысалға келтірелік. Зоолог Дик Рекассель былай әңгімелейді.
"Шаңқай түс, күн әбден ысыған кезде, бір үйір антилоптар су ішуге келеді. Аңдаусызда солардың бірі су астындағы крокодилдің аузына ілігеді. Табиғат заңдылығын бұзған крокодилдің тәртіпсіздігін бірден байқап қалған Бегемот, оған осқырына ашу шақырып тұра ұмтылады. Бегемоттан жасқанған крокодил аузындағы антилопты қоя береді. Қатты жарақаттанған жануарды бегемот тұмсығымен демеп, судан жағаға шығуына көмектеседі. Бірақ ауыр жарақатты көтере алмаған антилоп біраздан соң жан береді. Сонда да кете қоймаған бегемот, оны құзғындардан қорғауға да тырысады. Ақырында шыжыған күнге шыдай алмай еріксіз тереңге қарай жүзіп кетеді" - деп жаратылыс зерттеушісі, ой-өрісі шамалы жануардың с а н а л ы әрекетке жуық қимылына арнайы көңіл аударады. Осындай, түйсіктен тыс құбылыстарды ескере отырып, мәселен Құмырсқа мен Ара ұяларындағы тәртіп пен тәлімді - түйсіктік тәрбие десек, ал сүтқоректілер әлеміндегі, әсіресе ұрпақ тәрбиесінің көріністерін – түйсіктік және қарапайым сананың да тәлімдік сипаттарын аңғару қиын емес. Жалпы жер бетіндегі тіршілік иелері, тек адамнан басқалары, әмәнда ұрпақ қамына мейілінше қатты әзірленіп, табиғи сұрыптау заңдарын инстинкті түрде бұлжытай орындайды. Әрқашанда олар, ұр-пақ тәрбиесінің физиологиялық бірінші кезеңі – ұрық тазалығының қуаты мен сапасын сақтауға, тіпті ол үшін тіршіліктерін де құрбан етуге барады. Адам баласы да өзінің тағылық және жабайылық кезеңдерінде, шыққан тектеріне бағып, түйсіктік тәрбие мен с а н а л ы тәрбиенің биологиялық заңдылықтарын қатаң сақтай білген. Бірте-бірте уақыт өткен сайын саналы тәрбие өз үстемдігін ала береді. Ал адамзат қауымындағы саналы тәрбиенің асқар шыңы - сөз жоқ, халық педагогикасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет