Совет–Хан Єаббасов


).Мөде (шамамен б.з.б.230-174 ж.ж.)



бет42/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   294
6).Мөде (шамамен б.з.б.230-174 ж.ж.)

Ғұндардың билеушісі. Әкесі – ғұн мемлекетінің негізін құрған – Түман. Өз халқының келешегі үшін барлық мүмкіншіліктерді жасау қолынан келген. Егерде ғұндар арасында Мөде сияқты адамдар болмаса, тарихта бұл халық мүлдем болмауы мүмкін еді.


Көшпенді 24 тайпа (ғұндар, үйсіндер, иузицтар, ауарлар) бірігіп өзінің басшысын «тенгрикуты» деп атады. Бұл бірлестік екіге бөлінді: шығыс және батыс. Олар тәңірге сенген және Күн мен Аспанға табынған. Уақыт өте мемлекетте ішаралық қақтығыстар көбейе бастады. Соны пайдаланып ғұн тайпасынан шыққан Туман басшылықты өз қолына алды.Сол кезден бастап бірлестік Ғұн мемлекеті деген атқа ие болды. Ол ғұндарды 30 жыл басқарды. Бірақ, мемелкетте әлі де бірлік болған жоқ, ол 54 хандықтан құраған еді. Қытайлықтар, оған сыйлықтар әкеліп өзінің шарттарын қоя бастады. Ал тенгри-кут жасы келгенде қытай қызына үйленген еді. Б.з.б. 220-214 ж.ж. 100мың қытай әскері, әскер басы Мен Тань ғұндарға соққы берді. Қытайлықтар тек қана ғұндарды ғана емес көрші елдерді де ойсыратты. Жеңілістен кейін Туман қытайдың шекарасын ғұн жері арқасында 5,5 мың кв.метрге кеңейтуге келісім берді. Ал Туманның қытайлық әйелі таққа өзінен туған баласын отырғызуға тырысты, ол үшін ол Туманның бірінші әйелін және үлкен ұлы Мөдеден басқа барлық балаларын өлтірітті. Ғұн мемлекетін өзі басқарып, сарайға тек қана қытай әдет-ғұрыптарын енгізуге тырысты.Тіпті Мөдені де өлтіруге бел байлады. Бірақ оның жауыз жоспары іске аспай, ғұндардың өмірі тағы бір ғасырға ұзарды.
Б.з.б. 209 жылы Мөде өзінің өгей шешесін және ағасын өлтіріп, таққа отырды. Екі жыл ішінде Ғұн мемлекетін бірлік орнатты. Тұрақты жұмыс істейтін әскер құрды. Ғұн әскері ол кезде 100 мың адамнан тұратын-ды. Біріншіден, ғұндарға баяғыда көшіп кеткен тайпаларды (иузицтар) біріктірді. Екіншіден, ғұндарға қытайлықтар тартып алған жерлерін қайтарып берді. Б.з.б. 206 жыл – ғұндардың билеушісі Мөде шанью батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Енді ғұн әскерінің саны 300 мың адамға жететін. Солтүстікте Саян-Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюге бас иіп, «Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Оған қоса қытай әулеті Мөдеге қытай ханшайымын қалыңдыққа алуды ұсынған. Ғұн мемлекетіне: динли, қаңлы, юсбан т.б. кірді. Қағанат берік және күшті мемлекетке айналды.
Б.з.б. 177 жылы қытайлықтар мен ғұндардың арасында шекаралық қақтығыс болыпты. Ал б.з.б. 174 жылы шанью қытайлықтармен достық дипломатиялық қарым қатынас орнатты. Ол әдетте көрші елдермен достық қарым-қатынасты жақтаған.
Б.з.б. 174 жылы Ғұн мемлекетінің басшысы шанью Мөде 56-57 жасында тақтан кетіп оның орнына ұлы – Қыза-Лаушан отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет