Совет–Хан Єаббасов


§3. АТАА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ СЫЙЛАСТЫҚ



бет62/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§3. АТАА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ СЫЙЛАСТЫҚ


" Ақылды бала - кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да, қабілеттері әбден жетеді"
Г. ЛИХТЕНБЕРГ.

Қазақ халқы семья құруға дайындалу кезеңінде - өзінің Ата дәстүріне сүйеніп – халықтың тегін сақтау мен ұрық тазалығына мән берумен қоса, а т а - а н а мен б а л а арасындағы сыйластықты бұлжытай орындайтын еді. Бұл айтылған мәселелер – халқымыздың ежелгі дәстүр-салттарындағы – ұлттық ерекшеліктері болатын. Бодандықпен өткен үш ғасыр өрттей шарпып, өзегімізді күйдіріп кеткеніне куә болып отырмыз. Біздің жастарымыз бұрын өз ата-анасы мен туған-тумалары түгіл, жасы үлкен басқа да адамдардың алдынан кесе-көлденең өтпейтін. Мұны олар өздерінің кішілігі мен кісілігінің келбетіндей түсінетін еді. Осының нақты дәлеліндей, қазақ елінің халық педагогикасында ғана айтылатын ой-өрнегінің тұжырымдамасы: - "Малым -жанымның садағасы, Жаным – а р ы м н ы ң садағасы" – дейтін асыл сөзді басқа еш жерден кездестіру мүмкін емес. Бұрынғы ата-бабаларымыздың салып кеткен жолы бойынша, Ата-ана мен Бала арасындағы сыйластық ізгілікке толы этикалық заңдылықтарға бағынатындықтан, ұрпақтан-ұрпаққа өзара үндесе жалғасып жататын. Әрқайсысы өз орындарында тиісті міндеттерін имандылықпен атқаруынан, екі жағы да тіршіліктің рахаты мол ләззатын көретін.


Ал, осы мәселенің қазіргі кездегі күйі қандай? Ата-ана мен Бала арасындағы қайшылықтардың сыры неде? Әрине, Бұл сауалдардың т а м ы р ы тереңде жатыр?! Сондықтан да, Ата-ана мен Бала арасындағы, қатынастыр бүгінгі таңда, өзінің ең ауыр зауалды шағын басынан кешіріп отыр. Халық өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған – тағылымынан - дәстүрі мен салтынан - тарихынан ажырап – ділі мен дінінен – айрылып қалғандықтан, осындай күй кешуде?! Осының кеселінен, тұрмыс тауқыметтерін қолдан жасап ауыр трагедияларға жиі ұшырап жүргеніміз де, өмірдегі белең алып отырған шындық екенін несіне жасырамыз. Осылайша, ежелден келе жатқан ескі жұртымыздың азып-тозып кетуіне көптеген себептер ықпал етті. Осы себептерді іріктей жұптап зерттесек, төмендегідей үш түрлі мәселенің басы ашылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет