1. Қоғамдық ортаның сыры. 2. Ата-ана тағылымдарының деңгейі. 3. Бала тәрбиесіндегі ағаттықтар. Міне, осылайша жіктеп қарастырсақ, оны зерттеу де талдау да, тіпті олардың өз заманы қалыптастырған жайсыз қадеттерімен күрес те оңайға түседі. Енді, мәселенің әрқайсысын қысқаша байыптап көрелік.
Халқымыз өзі өмір кешкен ұзақ тарихын да, не бір ала-
Қоғамдық сапыран кезеңдерді бастарынан өткізіп, аяздай қарыған
орта замана дауылдарының үскірігіне ұшыраған сәттері көп.
Әсіресе, соңғы үш ғасырға жуық уақыттың ішінде, аса күрделі кезеңдердің келемеж-кемтар қылықтарын бойына сіңіруге мәжбүр болды. Ақырында өзінің егемендігінен де мемлекеттігінен де, Ел басқару билігінен де ажырап қалған халық, бұратана күй кешіп ежелгі тарихы мен халықтық тағылымдарын бірте-бірте ұмытуға шақ қалды.
Бодандық тіршіліктің тікелей ықпалымен бұрынғы көптеген қадірлі қасиеттерінен баз кешіп, ежелгі дархан мінездерін – дарақылыққа, жомарт пейілдерін – ы с ы р а п ш ы л д ы қ қ а айырбастаған пендешілікке тап болды. Осы тектес жайсыз мінездердің белең алуынан, қарапайым жұртымыздың ішкі мәдениеті мен елдік ерекшеліктері көмескіленіп кетті. Егер бұл халықтың басындағы т е м і р ноқтасы ары қарай жалғаса берген де, бодандыкқа мойын ұсынған жұртымыздың келешегі қалай боларын кім білсін?! Алайда, соңғы жылдары халықтық дәстүр-салттары түгіл, тіпті ана тілінен мақұрым бола жаздаған Ел міне егемендігін алса да, ескі әдетімен он бес жыл бойы Ана тілін саудаға салып жүр. Қазақстаннан басқа еш елдер де мұндай құбылыс болған жоқ. Өз халқының келешегіне дүдәмәлдене бастаған зиялы қауымның шарасыздығы тәрізді әр алуан, көңіл көзін тұмшалайтын қара дақтар көбейіп бара жатқан еді. Осы айтылғандардан түйер тұжырым :
- Коғамдағы өз еркіндігі жоқ - басқа жұрттың боданы болған Елдер де ғана қалыптасатын тоғышар орта - халықты аздырар қиянат атаулының бастауы – десек жөн болар. Сондықтан да, ендігі жерде халқымыздың дәстүр-салттары мен елдік ерекшеліктерін қалпына келтіру үшін, ең әуелі қоғамдағы тоғышарлықпен күресудің тәсілін табу басты шарт. Өйткені, мұнымен алдыңғы буын - Ата-ана да, Зиялы қауым да, Ел басқарушылар да, түгелдей дертті екенімізді мойындағанымыз жөн. Сонда ғана ауруы асқынған қоғамдық орта түзеліп, өмірдегі сала-сала руханияттарымыздың ажары ашылмақ.
Бірнеше тарихи кезеңдерден тұратын Орыс империясының