Совет–Хан Єаббасов



бет69/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ә) ҚЫЗ ҰЗАТУ ТОЙЫ


"Сағыныш - адам бойындағы ізгілікті
ғана оятып қоймайды, сонмен қоса,
жан-сезіміңді ашып, мейіріміңді де
ұштай түседі"
ҰЖДАН.

Күйеу қалыңдығын алуға арнайы сапармен келген кезде, бұрыннан дайындықпен хабарласып отырған құдандалы ел - қызының ата жұртынан аттанар ұзату тойын жасайды. Оны әркім өзінің шамасына орай өткізеді. Мұның әртүрлі деңгейлерде өтетінін қазіргі кезде де байқау қиын емес. Сөз жоқ, бұрынғы заманда да, бүгінгі жағдайда да, қыздың туыс-туғандары сырт қалмаған. Барлық атқаратын міндеттерді бөлісіп көтеру де, елдік ерекшеліктеріміздің бірі болып саналады. Оның үстіне жаңа семья құруға арналған т і л е у д е н ешкімде ештемесін аямауға тырысады. Өйткені, бұл жағдай жақын адамдардың әрқайсысының басына алма-кезек ауысып келіп тұратыны да белгілі.


Бірінші рет танысуға келген күйеу баланың қалыңдығымен кездесіп, оған ата-аналары ұрын тойын жасап, қыздың ұзатылу мерзіміне келісіп жігіт жағы ауылына қайтады. Ұзатылатын қыз ұрын тойдан кейін, апа-сіңлілерін, жеңгелері мен құрбы қыздарын қасына ертіп, туысқандарын аралап қоштасу рәсімдерін жасайды. Туысқан мен тумалары шамаларына қарай сый-сияпаттарын береді. Ал қыздың ұзатылу мерзімі жеткенде, төңіректегі ауыл жастары қыздың үйіне жиналып, домбыра тартып ән салып, өзінің сән-салтанатымен ұзатылу тойын жасайды. Қыз бен Жігіт айтыстарын өткізеді. Қыз жеңілсе – айтыстан жеңген жігітке орамал сыйлайды. Жігіт жеңілсе – қызға шапан кигізеді. Осы кештің үстінде н е к е қ и ю дәстүрі жасалынады. Бұл жолы қыз ұзату тойында ат шаптырылып, балуан күрестіру тәрізді ойын-сауықтың түрлері де көп болады. Неке қиылған күннің ертеңінде қыз жағы, күйеу жағынан келген құда-құдағиларына жасауға берілетін бұйымдарын көрсетеді. Осы тектес толып жатқан жол-жоралғылар жасалынып, жасауды буып-түйген бойда бірден барар жеріне аттандырып жібереді. Ұзатылатын қыз с ы ң с у айтып ұзақ жылайды, жігіттер жағы жұбату айтып тоқтатуға тырысады. Алма-кезек өз мақамымен айтылатын сыңсу жеңіл әзіл-қалжыңға құрылады. Қыз туыс-туғандарымен соңғы рет құшақтасып қош айтысады. Осыдан кейін жеңгелері оның қыз киімдерін ауыстырып, жаңа түсер келіншек киетін киімдерін кигізеді. Көбінесе қызын шешесі өзі апарып, үш-төрт күннен кейін ат мініп, түйе жетелеген сый-сияпатпен ауылға қайтады.
Халқымыз жігіттің қайын жұртына ұрын келуін және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет