§4 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ І-ШІ НЕГІЗІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ
"Жеті атасын білген ұл - жеті ру елдің қамын ойлайды" Мақал.
Адам тәрбиесінде – оның ішкі жан-дүниесінің тәлімін жетілдіру үшін түйсік пен сезімді пайдалану т ә с і л д е р і қандай қажет болса, сол сияқты сыртқы тән-құрылысының дұрыс қызымет етуіне де этнографиялық заттардың, яғни ұлттық тағам - ұлттық киім тұрмыстық заттарды ‑ пайдалану тәсілдері де сондай керек. Былайша айтқанда, Ж а н мен Т ә н д і қоректендірер т ә р б и е тәсілдері мен іс-әрекеттердің әдістері, адамның екі түрлі жүйесінің /жан-дүниесі мен тән-құрылысының/ тәрбиесіне де аудай қажеттілік деп түсінген жөн. Сондықтан да, бірден сырт құбылыстарды аңғартатын ‑ этнографиялық салт-дәстүрлер де, ‑ Халық педагогикасы мен психологиясының ‑ әрбір негіздерінің ішіндегі сипаттары екенін, қазіргі кезде д ұ р ы с мәнінде түсіне алмай жүрген жағдайлар бар. Егер ашып айтар болсақ, биосфераны түсіну үшін биохимия пәнін пайдаланатынымыз сияқты, ‑ халық педагогикасы мен этнопедагогиканы да ‑ тек синтездік ұғымда қолдансақ қана, ұрпақ тәрбиесінің құпияларын ашар ересен мол қ у а т ы бар, т ә р б и е тәсілдеріне ие болмақпыз. Сөйтіп, Халық педагогикасы мен психологиясы адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін болса, ал этнопедагогика – оның тән-құрылысының дұрыс жетілу тәлімдерін қарастырады. Олай болса, "Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі, немесе Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы" ‑ деп аталынатын к е з е ң і н і ң этнопедагогикалық сипаттарына жататын: Құда түсу – Ұрын бару – Қыз Ұзату – Сыңсу – Жұбату – Үйлену тойы – Шашу – Жар-жар – Бет ашар – деп айтылатын дәстүр-салттарымыздың сыры мен қырына терең бойлап, ішкі қасиеттерін ашу арқылы тек бірінші к е з е ң н і ң этнопедагогикалық сипаттарын айқындамақпыз. Бұл халықтық дәстүр-салттарымыздың өмірдегі нағыз көріністерін байқатады. Мінеки дәл осы әрекеттердің үстінде, халқымыздың тәлім тәрбиесінің мәні оның мінез-құлықтары мен ішкі психологиялықкөріністері, бүкіл болмысымен жан-жақты ашылатыны белгілі. Ендеше, жоғарыда аталған этнографиялық салт-дәстүрлерге жеке-жеке тоқталып көрелік.