ЕСКЕРТУ. Жоғарыда айтылған – Халық педагогика-сының 1-ші негізіндегі Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық мәселесінің – бірегей сәті, осы семья құруға дайындық кезеңі болып табылады. Дәл осы кезеңде, кешегі бодандық қоғам қалыптастырған – тоғышарлық психология - әртүрлі құмарлықтармен әуестенетін парасатсыз ата-ана – ата салтын білмейтін, халықтық д і л і қалыптаспаған, ана тілін сыйламайтын жастар – деп жіктелінген ү ш т а ғ а н мәселе де өздерінің көріністерін береді. Егеменді еліміздің ендігі жерде, халық педагогикасының тағылымдарына сүйене отырып тәрбие тәсілдерін пәрменді жүргізу арқылы, ел болып қолға алатын мәселелері де осылар екенін ескерткіміз келеді.
Г) ШАШУ
Бұрын халқымыз үйлену тойына ешкімді алаламай ауыл-аймағын түгелдей шақыратын болған. Әрине, ол кезде әр жерде отырған ауылдарда сирек, қазіргідей адамдар саны да көп болмаған ғой. Бірақ тойға келушілер жердің шалғайлылығына қарамай, жолдарынан жығылмауға тырысып ш а ш у л а р ы н мол етіп ала келетін. Тойды көбінесе жаз жайлауда табиғат аясында, өткізуге тырысатын болған.
Ал қазір замана талаптарына сай, тойларды күз мезгілінде – кең кафелер мен асханаларда немесе ауқатты адамдар ресторан залдарында да өткізеді. Той салтанатына жиналған жұрт, семья құрған екі жас келе жатыр дегеннен-ақ, оларды қаумалай қоршап ш а ш у л а р ы н шашып қарсы алады. Шашу шашудың құрметі, ауылына сыйлы әжелердің үлесіне тиеді. Шашудың құрамында негізінен қағазбен оралған кәмпиттердің түрлері, күміс тиындар да салынады. Қазақ халқы өзінің ақ адал көңіліндегі ықыласы мен үмітін, жайылған дастархан үстіндегі адал асының киесіне тапсырған. Олар - “астан үлкен құдірет жоқ” – деп түсінген. Сондықтан да, тұрмыстағы қуаныштарында ең жиі қолданатын салты – осы ш а ш у болып табылады. Шашу шашылып жатқан сәттен бастап-ақ, жастар жағы жар-жар айтуға кіріседі.
Д) ЖАР-ЖАР
Бұл ежелден келе жатқан өзіне тән әуені бар өлең-жырды, жігіттер мен қыздар қосыла шырқап, сөз мәніне орай алма-кезек жауаптаса айтады. Қашанда жар-жардың мағанасы – мәнді, мақамы - әуенді болып келеді. Жиналған жұрттың кәрі-жасына бірдей ұнайтындығымен және айтуға жеңілдігімен де ерекшеленеді. Әр шумақтың аяғында айтылатын “жар-жар-ау” дейтін жарқын сөз, үнемі қайырма ретінде қайталанып отырады. Бұл жыр халқымыздың дәстүрі бойынша, тек үйлену тойында ғана айтылады. Кез-келген өнер сайыстары тәрізді жар-жар да, тыңдаушыларын желпінте екі жасқа жақсылық тілеп, нұрлы ниеттерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |