Қысқаша қыздың ұзатылу тойларын неге жасаған? Оның мәні
ой түю. неде ? Бұған қыз ұзататын жақ қандай маңыз берген?
Әрине, бұл сауалдардың жауабын беру үшін семья құрудың дайындық кезеңдеріне жататын осынау екі сәттің де, өзіне тиісті дәстүр-салттары мен жол-жоралғыларын санамалап тәптіштеп шығу тым ұзаққа созылар еді. Сондықтан да, жоғарыда "Абай жолы" эпопеясының "Ө р д е" деген тарауын оқуды ұсынған едік. Ал енді бұлардың мәні мен маңызына қысқаша тоқтасақ, ұзатылатын қыздың болашағы үшін жасаған ата-анасының қамқорлығы деп ұққан жөн. Себебі, қыз балаға өз шаңырағын тастап басқа семьяның мүшесіне айналу, қай жағынан алғанда да жеңіл шаруа емес. Жаңа ортаға барғанда қ ы з ы н ы ң басына түсетін қимыл-әрекеттерді ұрын келген жігіттің де басынан кештіріп, келген құда-құдағиларының да жауапкершіліктерін арттыратын т ә л і м д е р көп жасалынады. Бірінші болып қайын жұртына келгенде әдеп пен тәртіптің барлық түрлерін күйеу жігіттің басынан кешіруі, ертең қ а л ы ң д ы ғ ы өз шаңырағының астына келгенде, оны, бірден түсініп көмектесуіне де сабақ болады.
Б) СЫҢСУ
" Халқыңа - қалаулы бол,
Жұртыңа - елеулі бол "
МӘТЕЛ.
Бұл дәстүр өткен замандардағы қыздардың басындағы теңсіздіктен елес берсе, ал қазіргі заманның жөні басқа болғандықтан, ендігі жерде жеке бастың м ұ ң ы н а н гөрі, бүкіл Отаны мен Халқының қамын ойлайтындай сөз айтылғаны жөн сияқты. Жалпы -сыңсу - қоштасу - сарын - көрісу - делініп әртүрлі атаулармен айтылғаныменен, бұлар мазмұндары жағынан бір-бірінен айырмашылықтары шамалы десек те, халқымыздың тұрмыс-салт жырларының ішінде аса жиі қолданылып, өте көп тараған нұсқалары бар екенін білген дұрыс. Себебі, кез-келген дәстүр салттарды уақытына лайық етіп, жаңа мазмұнмен байыту болашақ ұрпақтарымыздың қалауындағы іс.
Тіпті, сыңсу дәстүрінде жоғарыдағы айтылған т е ң с і з д і к сарынынан бұрын, әйтседағы ұзатылып бара жатқан қыздың - өз жұрты мен ата-анасына деген қимас сезімдерін білдіретіні ақиқатқа жақын сияқты. Оның бүкіл балалық шағы мен бал дәурен өмірлері көз алдынан өтіп, осы сәтте оянған көңіл толқындарын ән шумақтарына айналдыру да жан-дүниенің рухани қажеттілігі болар. Өйткені, жаратылысынан талантты қайбір қыздардың айтқан сыңсулары иісі қазақтың көкейлеріне ұялап, бірден тарап жатталып қалатындары аз болмаған.
Мәселен, қазіргі кезде де уақыт талаптарына сай етіп, сыңсудың жаңа түрлерін дайындап, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану арқылы, тіпті той қызығын күшейтуге де болатын тәрізді. Әсіресе, еш атқарар қызметтері жоқ қыз жолдас пен күйеу жолдасқа алма-кезек жауаптасып, сыңсудың жаңа түрін дүниеге әкелсе, қандай ғажап болар еді?! Оларға тойға келген жаста қосылып қыз жолдасқа – қыздар, күйеу жолдасқа – жігіттер жағы көмекке келу арқылы, тіпті бүгінгі жаңарып келе жатқан айтыс өнерінің мектебіне айналуы да мүмкін ғой. Сөйтіп, сыңсудың қысқа да нұсқа түрлерін солар айтуға тиісті:
Достарыңызбен бөлісу: |