2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Адам баласы биологиялық индивид болғандықтан, оның табиғатындағы күллі тіршілік сипаттары, міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынатыны айдан анық. Ендеше, келешек ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі де, осы заңдылықтарды ескермесе, кабағат үлкен тәрбиесі мен білімін дамыта жетілдірмек «тұжырымдамада» баланың физиологиялық кезеңдерінің ешбір заңдылықтары ескерілмеген. Сонда, бұл қалай? Баяғы сол, қарадүрсін көшірмелік пе?..
Біздіңше, егеменді ел болған соң еліктеу мен солықтауды қойып, ұлттық кұндылытарды іздеу ауадай қажеттілік екені дау тудырмаса керек. Тұжырым жобасындағы отра білім берудің мақсаттары мен міндеттері тым жалпылама. ал, құрылымы 4 + 6 + 2 дегеніне қарап, кешегі империялық формуладан ауытқый алмағаны да көрініп тұр. Олар жоғарыда айтылған физиология заңдылықтарын ескермек түгіл, тіпті «(6-10 жас – балалық шақ, 11-16 – жеткіншетік шақ, 17-18 жасөспірімдік шақ)» - деген текстегі сөздерден, халық тағылымындағы қолданылатын нәресте, балбөбек, сәби, балиғат, кәмелеттік – делінетін физиологиялық кезеңдердің жасын да білмейтіндіктері байқалады.
Міне, орта білім берудің құрылымы мен мазмұны да ғылыми негізделмегені көрініп тұр есем пе?
Біздің 1990 жылдары талқылап жариялаған тұжырымдамамызда, керісінше 6-7 жастан 12-13 жасты қамтымайтын балиғат кезеңін біртұтас күйі бөліп-жармай 6-класс етіп, бастауыш мектеп сатысына беріледі. Неге? Себебі, балиғат кезеңінде баланың гарманальды жүйесі (7-де бүршік жарып, 13-де гүлін ашады, шаухат пен етеккір келеді) қалыптасып, логикалық ойлау қабілеттері орныға бастайды. Физиологияның осынау өзгертуге болмайтын тұрақты заңдылығын ескерген жапондықтар бастауышты – 6-класс етсе, немістер бастауыш мектебін 5-класс етіп баяғыдан бері қолданып келеді. Біздер де, азиялық ел болғандықтан, батыл түрде бастауыш мектепті 6-класқа келтірсек ұтарымыз көп. Сондықтан да, орта білім беру формуласын 6 + 3 + түріндегі физиология заңына бағындырып ұсынған едік. Бұл тұжырымдама «халық педагогикасының негіздері» атты монографияда жан-жақты дәлелденіп жазылған. Сол себепті, бұл пікірімізге әр сатыны жеке-жеке жазып талдамай, қысқарта ұсынуды жөн көрдік.
Әйтпесе, кәсіптік білім беруде де және жоғары білім салаларында да – ойласатын мәселелер жетіп жатыр. Қазіргі аты бар заты жоқ – гимназия, лицей дегендерді де ақыл елегінен өткізіп, нақтылы сраптамаса болмайтын тәрізді. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіндегі реформаның шынайы мақсаты мен мазмұны аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, кезінде өгейлік көрген қазақ мектептерінің проблемалары шаш етектен. Олай болса, жоғарыда айтылған пікірлерді терең түсініп, дұрыс шешпесек – халқымыздың келешегі түн-түнекпен шырмалып, сара жолын таппай көмескілене бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |