Совет–Хан Єаббасов



бет84/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Талдау: Кәмелетке жеткен жастарымыздың жауаптары осындай?
Қойылған сауалдың көбінесе материалдық жағы сөз болуда. Тойға әзірлікті айтқанда киетін киім, ішетін ас, беретін сыйлық, жасайтын құрмет, жұмсалатын қаражат, тұрмыстағы теріс қылықтар (арақ ішіп, қарта ойнау) мазалайтынын байқаймыз. Бұдан – аз ба көп пе, әйтеуір заттық, яғни этнографиялық тәрбиенің көріністері сезіледі. Ал, адамның жан – дүниесінің сұраныстары, келешек ұрпақ қамы, рухани имандылық пен инабат қақындағы толғаныстар жоққа тән. Бұл – жастарымыздағы рухани тәрбиенің, яғни Халық педагогикасының мүлдем қалтарыста қалғанын байқатады. Жалпы түйсіктік тәрбиемен жетілетін тума қасиеттердің ескерілмейтіндігі көрініп тұр. Сөз жоқ, бұл халық педагогикасын ғылыми пән ретінде тұрмысымызға енгізуді жеделдетуді аңғартса керек.


Ә). ЕКІНШІ ПСИХОЛОГЕМА


СҰРАҚ: Халықтың тегі мен “жеті атаға дейін қыз алыспау” дәстүрін қалай түсінесіздер?
(Үнсіздік. Сондықтан, тыңдаушылардың кез-келгенін тұрғызып сұрауға мәжбүр болдық).


N 1-ші жауап: Сіз, ғафу етіңіз?! Бұл сауалдардың жауабын айту қиын сияқты. Өйткені, мұндай мәселелерді не мектеп қабырғасында, иә жоғары оқу орындарында да естіп көргеміз жоқ. Жалпы әр жерден оқып көргенде халықтың генефоны болатынын естігемін. Бірақ, қалай сақтау керек? Ол жағы айтылмайтын (студент).
N 2-ші жауап: Ауылдағы үлкендердің әңгімесінен “жеті атаға дейін қыз алыспау” дәстүрінің бар екенін естігемін. Тіпті, ертеректе мұны бұзған жастарды жазалаған да көрінеді. Қазір ондай әңгімені айтатындар сиреп кетсе керек (бұрғышы).
N 3-ші жауап: Генетика жайында азды-көпті биология сабағында сөз болғанымен, оның халық педагогикасындағы көрінісі жайында тіпті естіп көргеміз жоқ. Көпшілік жағдайларда адам қабілеті – туғаннан болатындығын және көптеген қасиеттердің тұқым қуалайтындығын да білеміз. Бірақ, оның адам тәрбиесіндегі көріністерін естімеген екенмін (келешек биолог).
Орнынан тұрып: Мен ағашпен жұмыс істейтін маманмын. Ағай, сіздің теледидар арқылы жүргізген осы “халық педагогикасы” жайындағы бірнеше сабағыңызды да тыңдаған едім. Бірақ, неге екенін білмейміз, жалғаспай тоқталып қалды. Бүгін өзіңізді тыңдауға жұбайымыз екеуміз де асыға жеттік. Сізге рахмет, газеттегі мақалаларыңызды да оқып жүрміз. Енді осы сауалдарыңыздың төңірегінде өзіңіз айтып берсеңіз екен. (жұбайым балабақшада тәрбиеші).
ТАЛДАУ: Менің әңгімем екі сағаттай уақытқа созылды. Тыңдаушыларда үлкен бейіл танытты. Кез–келген халық өзінің тегін білуге тиісті. Халықтың тегі ү ш т а ғ а н қасиеттері арқылы – дәстүр – сөз өнері – ой өрнегін – пайдаланумен анықтауға болатынын айттым. “Жеті атаға дейін қыз алыспау” – Ата дәстүріміз екендігі өз алдына, сонымен қоса оның дарвинизм ілімімен сабақтасып жатқандығын сөз ете отырып, “табиғи сұрыптаудың” өмірдегі көрінісі екендігінің маңызы түсіндірілді. Бұл – халқымыздың туысқандық дәстүріне де негіз болғаны егжей-тегжей әңгімеленді.
Жастардың жауаптарына қарағанда, бұл сауалда көтерілген мәселе жайында ешбір жерде айтылмайтындығы, халықтық дәстүр-салттардың маңызына көңіл бөлінбейтіндігі белгілі болды. Олардың семья құруға дайындалып жүрген кездерінде де ата дәстүріміз қақында, не ата-аналары иә туыс-туғандары сөз етпейтіндігі анықталып отыр. Тіпті, соңғы кездерде халықтың т е г і дегенді айтпақ түгіл, түсінуден де қала бастаған ба дейтін, көңіл түкпіріндегі жорамалдар қатты сезіктендіреді. Мінеки, бодандықтың борсыған идеологиясы, өзінің езгісіндегі халықтарды қандай күйге түсірген? Ата-бабаларымыз көзінің қаршығындай сақтап келген қасиетті дәстүрлерімізді ел болып қамқорлыққа алмасақ, болашақ ұрпақ тәрбиесінің мәні тым жайсыз күйге ұшырауы ғажап емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет