Совет–Хан Єаббасов



бет89/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Жан тәрбиесі елінің, “Алып – анадан туады” дейтін өсиетінің
Үлгісі мен Халық педагогикасы мен психо-логиясының 2-ші негізі, немесе А н а құрсағындағы физиологиялық кезеңінің үндесіп жатқанын байқау қиын емес сияқты. Өзінің ұрпақ тәрбиесінде бұл өсиетті и н с т и н к т і түрде пайдаланғанын көптеген тәлімдік ұғымдардан аңғаруға болады. Халқымыздың ата дәстүрі болып саналатын – “Жеті атаға дейін қыз алыспау” ‑ салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ, бодандықтың бұғауымен маталған соңғы үш ғасыр, бұрынғы ата-баба даналықтарынан қол үздіріп кете жаздады. Тіпті, қазір – “алып-анадан ‑ туадының” ‑ мағынасы түгіл, бұл сөздің мәніне де көңіл аударып жүргендер аз. Сондықтан да ол – алма-кезек ауысып жатқан ұрпақ тәрбиесіне әсер етуден қалғалы қашан?! Сонда, бұл тәріздес асыл сөздердің қадірі өз қалпына келмесе, Дулат-жырау айтатын; - “өнер алды – қызыл тілдің” – жағдайы қалай болмақ? Мұндай қуаты мол тұжырымдар сұлу сөйленетін, сөз тәрізді қызмет етсе, сөз өнері арқылы жетілетін жас ұрпақтың з е й і н і мен з е р д е с і нендей күйге түспек?
Енді осынау, “Алып – анадан туады” дейтін ө с и е т сөздің мәні неде екен? Ұрпақ тәрбиесіндегі орны қайсы? Ол нені меңзеп тұр? Қысқаша осы сауалдардың жауабын іздеп көрелік. Ол үшін – т і р ш і л і к қ ұ п и я л ар ы н а – үңілмей болмайды. Адам тәрбиесінің ана құрсағындағы к е з е ң і аса күрделі де, тылсым сырларының мол екендігі жайында жоғарыда азды-көпті айтылған еді. Оның тоғыз айдың ішінде “он сегіз мың ғаламның” жүріп өткен жолы мен даму сатыларын қайталайтындығы, ғылымда да дәлелденіп зерттелген мәселе?!
В.А.Мезенцевтің “Ғажайып энциклопедиясында” /185-бет/ қайталап еске түсірсек ­ “Адам ұрығы өзінің жетілу сәтінің 18-20-шы күндері, ол балыққа ұқсайтындығы соншама, тіпті желбезек саңылаулары мен аяқ-қолдарының орнында – жүзу қанатшалары да болады. Содан сәл уақыттан соң, ол – қосмекенді бақаның түріне еніп, біраздан кейін бауырымен жорғалайтын кесірткеге ұқсайды. Шамамен бір жарым айда – ананың құрсағындағы жан иесі – тұп-тура маймылдан айнымайды. Тек ақырғы айларда ғана адам бейнесіне енеді. Сөйтіп ол – жер бетіндегі эволюциялық даму сатыларын түгелдей басып өтеді” – деп егжей-тегжей жазады.
Ата-бабамыз осы жағдайларды жоғарыда келтірілген ө с и е т сөздерімен ұрпағына тек т ә н құрылысының жетілуін ғана емес, “алып”деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, ж а н д ү н и е с і н і ң де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Бұл жайында да жоғарыда электроника ілімімен салыстыра отырып, адам жанының 12-мүшесі, яки а р н а л а р ы - түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар ж а н дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр - өкпе – бүйрек - тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете м ә н берілмей келді.
Бүгінгі ғылым құдіреттерімен дәлелденіп отырған күрделі құбылыстардың сырлары, қазақтың Халық педагогикасы мен психологиясында да үндестік табатындығына тұшынған сайын, ата-бабаларымыздың қалдырған р у х а н и мұраларына шынайы ризашылық сезімдер билейді. Ол к ө к і р е к к ө з і м е н аңғара білген: - “Он сегіз мың ғаламды – бір тарының қауызына сыйдырған” – дейтін өсиет сөзінде, тіпті тереңнен маржан теріп отырғанын жоғарыда келтірген ғылыми дәлелден, барынша анық байқалып тұрғанын көрмеу мүмкін емес. Шынында да осыншама құдіреті мол күрделі құбылыстарды жетілдіретін адам ұ р ы ғ ы - тарының қауызынан да кіші болмаса, тіпті де үлкен емесіне таңданбасқа болар ма?!? Осыншама күрделі құбылыстарды с ө з ө н е р і н е сыйдыра білген жұрт, ‑ “Алып – анадан туады” – дейтін ө с и е т с ө з і н де ұрпағына қалдыруға құқылы еді.
Сөйтіп, Халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негізгі кезеңінде – адамның т ә н қ ұ р ы л ы с т а р ы - дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, ж а н д ү н и е с і де қарапайым т ү й с і к т е н - с а н а ғ а дейін жетілетінімен, бұл кезеңнің адам т ә р б и е с і н д е г і орнының өлшеусіз екенін айқындап тұр. Олай болса, адамның ж а н ы мен т ә н і н і ң аса күрделі даму кезеңін де – т ә р б и е т ә с і л д е р і н і ң қажеті жоқ деп кім айта алар екен?! Тіпті, керек десеңіз ж ү р е к т ә р б и е с і н і ң жүйесіне енетін, ж а н н ы ң т у м а қасиеттерін ұштап т ә р б и е л е у ш і – тек а н а ғана екенін түсінсек екен. Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ; - Ұрық тазалығы – еркектің а т а л ы қ п а р ы з ы болған да, ана құрсағындағы тәрбие - әйелдің а н а л ы қ п а р а с а т ы екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Сондықтан да, а н а н ы да, а т а н ы да, өзінің мінәжат етер қ а ғ б а с ы н а бетін түзеп, бұл кезеңдегі тәрбие тәсілдерінің қыры мен сырына саналы түрде үйретудің міндеті мен қажеттілігі, ұлттық идеологиямыздың негізгі а р қ а у ы болуға тиіс.Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қ а с и е т т е р і н е ауысатындықтан, оның с ы р т қ ы б е с с е з і м д е р і ғана емес, сондай–ақ і ш к і б е с с е з і м д е р і де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Ана атаулы міне осы к ү й л е р і н сәтті пайдаланып, құрсағындағы ж а н и е с і н е жеткізу т ә с і л д е р і н білмейтіндіктен, осы кезеңнің - ө з і н е ғана т ә н т ә р б и е л е р і – тас қараңғы қалпында қалып отыр. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық ж ү р е к т ә р б и е л е р і оянбай былайша айтқанда, ж а н д ү н и е л е р і н і ң арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз – жігерлері құм – мінездері дөкір – ұяттан безген – ешкімді де сүймейді – қабілеті әлсіз – түйсігі жоқ – көкірек көздері оянбаған – денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді.
Бұл мәселені Ел болып мемлекеттік деңгейде түзетуге кіріскен жағдайда, Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші және 2-ші негіздеріндегі тәрбие тәсілдерінің әсері – көп тостырмай–ақ жетістіктері бірден көрінетіндігінің айғағы, алдыңғы тарауларда айтылатын аз-кем тәжірибелердің нәтижелері, аса үлкен үміттерге жетелейді. Мұндай арман орындалған кезде, кешегі Ұлы Абай көксеген – “нұрлы ақыл мен толық адам” ‑ мәселесі ойдағыдай шешілер еді. Әуелден-ақ, анасынан ж ү р е к т е р і оянып ж а н – д ү н и е л е р і а ш ы л ы п туған жандар, а д а м ш ы л ы қ пен а р д ы да, тіпті болашақ ұ р п а қ қамына да, ерекше сергектікпен қарайтыны анық.
Жүрек культі ілімнің негізін салушы әл-Фараби Түркі халықтарының тағылымдарынан алып, адам тәрбиесі жайында ү ш т ү р л і ғ ы л ы м н ы ң ж ү й е л е р і н жасап, Біріншісі – т ү й с і к, с ы р т қ ы және і ш к і б е с с е з і м д і – Хауас ілімі, Екіншісін – ү ш с ү ю д і - Имани гүл, Үшіншісі – а қ ы л ә д і л е т, р а х ы м д ы – Жәуанмәртлік - деп атандырғаны белгілі. Бірақ бұл ілімдер - өз топырағына түспеген д ә н тәрізді – араб елдерінде өркендей дамып кете алған жоқ. Әйтсе де, Түркі халықтарынан шыққан ғұламалар: - Дуани, Баласағұн, Қарабағи, Науаи – бұл жайында аса құнды еңбектер қалдырды. Мәселен, Ж.Баласағұн – осы үш ілімнің негіздерінде бүкіл дүниежүзін тамсандырған, атақты “Құтты білігін” поэзия тілінде өмірге әкелді. А.Науаидың – Бес хамсасы да, осы идеяларды дамыта жырлайды. Ал жоғарыда айтылған үш ілімді ары қарай жетілдіріп, ерекше биіктікке көтерген – Ұлы Абайдың орны жеке дара бөлек. Бұл мәселе әлі зерттеушісін күтіп тұр. Абайдай данышпанның; - “Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла” – деуінің мәні де, өз еңбектерінің осы үш іліммен сабақтасып жатқанын меңзесе керек. Егер адам тәрбиесінің 2-ші негізі жайында – Абайға жүгінсек:

- Ұйықтап жатқан ж ү р е к т і - ән о я т а р,


- Үннің т ә т т і оралған – м ә н і оятар, - дей келіп,
................………………………………………………
- Ж ү р е к тербеп, о я т а р – баста м и д ы - деп ,

тұжырымдауын да, телегей теңіз ғұламалық жатыр емес пе?!? Ұлы Абайдың бұл еңбектерін барынша ашып бағдарлап берген – кемеңгер жазушымыз М.О.Әуезов болса, оның шәкірттері – К.Бейсенбаев1, Қ.Өміралиев, М.Мырзахметовтер2 хал-қадірлерінше жалғастырған еді. Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі құнары мол қасиеттерді игеру мәселесі, тіпті әлі жүйелі түрде басталған да жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет