Совет–Хан Єаббасов


§ 2 ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕКІНШІ НЕГІЗІНДЕГІ ТҮЙСІСТІК ТӘРБИЕ (ХАУАС ІЛІМІ)



бет90/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 2 ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕКІНШІ НЕГІЗІНДЕГІ ТҮЙСІСТІК ТӘРБИЕ (ХАУАС ІЛІМІ)

Жүрек – басты мүше, оны-тәннің ешқандай басқа


мүшесі билемейді”
ӘЛ-ФАРАБИ.


ХАУАС. (арапта-түйсік, сезім). Кезінде қыпшақ Елінен білім іздеп аттанған дала перзенті - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлах әл-Фараби – сексенге тартқан шағында мешаиюндар /перепатетиктер/ мектебін ашып, үш түрлі – Хауас – Имани гүл – Жәуанмәртлік - і л і м д е р і н і ң негіздерін қалайды. Онда адам болмысындағы – о н с е з і м қақында, анығырақ айтсақ, с ы р т қ ы б е с с е з і м мен і ш к і б е с с е з і м н і ң м ән і н – алғаш рет ғылыми жүйеге түсіріп дәлелдеуге тырысады. Әл-Фарабидің айтуы бойынша - "Адамды – жер бетіндегі тіршілік иелерінің, осы о н с е з і м н і ң құдіреті ғана ерекшелейді. Жаратылыстың қандай да құбылыстарын сезім арқылы қабылдай алмайтын жандар, тағылымдары тереңде жататын б і л і м н е н де мақұрым қалмақ1" – дейтін, т ы л с ы м сыры әлі де ашыла қоймаған тұжырым қалдырады. Осы тұжырымдағы о н с е з і м г е негізделген үш і л і м де , әсірісе, адамның ж а н д ү н и е с і мен т ә н қ ұ р ы л ы с т а р ы н ы ң жетілуін қамтамасыз ететін – ф и з и о л о г и я л ы қ ж е т і т ү р л і к е з е ң н і ң әрқайсысына тән т ә р б и е т ә с і л д е р і н е, тікелей әсері бар екені бүгінге дейін ескерілмей отырғаны шындық. Өйткені, адамзат т а н ы м д а р ы н ы ң бастауы мен қайнар көзі болып саналатын – түйсіктік сезімдер – түйсіктік тәрбие – дейтін ұғымдарды а д а м т ә р б и е с і н е еш уақытта да қатынастырмай келдік. Тек, ақылмандық арқылы бәрін дағы шешпек болған талабымыздан, ештеңе де шыққан жоқ. Керісінше, бұрынғы халық тағылымдарымен қалыптасқан жан-дүниенің тәлімінен де айырылып, қазіргі адамдар р у х а н и кедейленудің к е р е м е т т е й к е с е л д е р і н е ұшырап отыр.
Әл-Фараби негізін қалаған м е ш а и ю н д е р дәстүрін – Түркі елдерінен шыққан данышпандар; - Әбу Әли ибн Сина – Баласағұн – Науаи – Қарабағи – Дауани – Абай - өз еңбектерінде жалғастыра дамытумен болды. Мәселен, Ибн-Сина2 -“ Жан туралы” еңбегінде, Баласағұн3 - “ Құтты білігінде”; Науаи4 - “Бес хамсасында”; “Кабус наме5”; Абай6 - “Қара сөздері мен өлеңдерінде” – х а у а с – түйсік, сезім, х а у а с и х а м с а з а һ и р и – сыртқы бес сезім, х а у а с и с ә л и м – ішкі бес сезімдер жайында жиі талдап терең толғаныстарын дәлелді тәжірибелерді пайдаланып жазады. Міне, осыншама бай мұраларды бүгінгі ғылыми жетістіктермен жетілдіре отырып, адам тәрбиесіндегі аса күрделі құбылыстарды т а н у ғ а және ш е ш у г е пайдалануды мақсат тұту арқылы, біздер ұсынып отырған – Халық педагогикасы мен психологиясының жеті негіздерімен - үндестіріп қана қоймай, оны ұрпақтың дұрыс жетілуіне қажет тәрбие тәсілдері ретінде қолдануға тырыстық.
Мәселен, ХАУАС ІЛІМІН (түйсік пен сезім) – Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші және 2-ші – 3-ші негіздерінде, немесе Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы тоғыз ай және Н ә р е с т е – делінетін, адам тәрбиесінің ф и з и о л о г и я л ы қ кезеңдеріндегі тәлімдік тәсілдерге пайдаланудың әдістері айтылады. Оған осы кезеңдердегі тәрбие әдістерін бергенде кеңірек тоқталынады.
Екінші, ИМАНИ ГҮЛ ІЛІМІН (үш сүю – Алланы яки табиғатты, адамзатты және әділетті) – Халық педагогикасы мен психологиясының 4-ші мен 5-ші және 6-шы негіздерінде немесе Б а л б ө б е к пен С ә б и л і к және Б а л и ғ а т – деп жіктелетін физиологиялық кезеңдердегі тәрбие әдістеріне пайдалану тәсілдерін, осы кезеңдерді сипаттағанда айтылатын болады.
Үшінші, ЖӘУАНМӘРТЛІК ІЛІМІН (ақыл, әділет, рахым) – Халық педагогикасы мен психологиясының 7-ші негізінде, немесе К ә м е л е т т і к кезеңінің тәрбие әдістеріне қолданылады.
Мінеки, осы ілімдерді пайдалану арқылы жүргізілетін әдістердің қозғау салар тетіктерінің бәрі де, жаңа өсіп келе жатқан ұрпақтың жаратылысында бүршік жару үшін міндетті түрде, әр кезеңнің өзіне тән тәрбие тәсілдерін күтіп жатады. Егер тәрбие әдістері дер кезінде берілмесе, қауашағын жармаған гүл тәрізді солып қалатыны, табиғи құбылыс екендігін енді-енді түсініп, соның сиқырлы саздары мен күрмеулерін шешуге ұмтылмақпыз. Бұл адамзат қауымына ж ұ м б а қ п ы н деп кеткен Абай-ғұлама – осы үш ілімнің тетіктерін тауып бермесе де, оны пайдаланудан шығатын ақырғы формуланы нұрлы ақыл – толық адам” ‑ деп айнытпай–ақ айтып кеткеніне таңданбасқа шара жоқ. Сондықтан да, Абай танымындағы х а у а с м ә с е л е с і н е кең көлемде тоқталуға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет