Совет–Хан Єаббасов



бет88/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ТАПСЫРМА –СҰРАҚ;

  1. Жоғарыдағы тақырыптарды жіктеп, кең түрде жауап беру сұралады.

  2. І‑ші негіздің өмірдегі көріністері; Психологема 1, ­2, 3, 4.

* * *


ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Адам - әлемнен де күрделі”


ҰЖДАН.


§ 1. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕКІНШІ НЕГІЗІ (немесе Ана құрсағындағы тоғыз ай...)

Шындықтың жолы – біреу-ақ”


Ж.РУССО.


Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та
Арнау сөз және ең күрделі к е з е ң і болып табылады. Оның
ұзақтығын түсіну үшін, ұ р ы қ т ы ң жетіліп, даму мерзімін де, жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік қ ұ п и я л а р ы н а тереңдеп үңілмей болмайды. Өйткені, адам ғұмырының ф и з и о л о г и я л ы қ осы к е з е ң і, күллі тіршілік атаулының т ы л с ы м ғ а толы т ү й і н і, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған ж ұ м б а қ сыры сақталған к ө м бе с і тәрізді. Егер де, ғылыми дәлелдерге сүйенсек, ана құрсағында өсіп жатқан ж а н и е с і өзіне берілген тоғыз айдың ішінде, табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз мың ғаламның” с и п а т т а р ы н түгелдей қайталап шығатындығы белгілі боп отыр. Былайша айтқанда, бір клеткалық тіршіліктен бастап адамға дейін жетілген, биологиялық түрлерді түгелдей басып өтеді екен. Әрине бұл, күллі табиғат жаратылыстары ішіндегі күрмеуі қиын, аса к ү р д е л і құбылыс екені даусыз! Мұндай сипат тек табиғат шебердің құдіретімен ғана жасалмақ. Ендеше, осынау тіршіліктің с а п а л ы қ дәрежеде жетілетін ж ұ м б а қ кезеңін а д а м т ә р б и е с і н е кірістіре алмай келгенімізді ойласақ, бүкіл адамзаттың р у х а н и д а м у ы н д а ғ ы аса ауыр кемшіліктер де, осы кезеңнің е л е н б е й қалған е р с і л і к т е р і екені анықталып отыр. Себебі, бұл мәселе өткен-кеткен п е д а г о г и к а л ы қ және п с и х о л о г и я л ы қ ілімдер де, ешқашан ғ ы л ы м и ж ү й е л е н і п көрген емес. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын, ұ р ы қ тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ т ә р б и е с і н і ң іргелі мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгі малекулалық б и о л о г и я мен г е н е т и к а ғылымдарының қол жеткен табыстары осы ойымызды тапжылтпай дәлелдеп отыр. Себебі, адам жаратылысындағы тек түйістік ақыл мен ішкі бес сезімді былай қойғанда, онда тума қабілеттері мен мінез-құлқы, психикалық жігері мен тектілік қасиеттерінің іштен туатындығы, ғылыми әбден дәлелденген құбылыстар екенін ескерген жөн. Жалпы бұл мәселені тікелей адам т ә р б и е с і қақында болмаса да, адамзаттың не бір алып ойшылдары философиялық п ә л с а п а түрінде көп талқыланған.Әсіресе, адам бойындағы Ж а н мен Т ә н н і ң өзара үндестіктерімен қоса, ж ү р е к к ү ш і және а қ ы л к ү ш і тәрізді қадау-қадау құбылыстарды үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Мәселен, адамзаттың Екінші ұстазы атанған данышпан бабамыз Әбунасыр әл-Фараби өзінің – “Екі философтың – қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы” – деп аталынатын еңбегінде, екі алыптың қ а й ш ы л ы қ т а р ы н үндестіріп төрелік айтады; - “Ж а н және и н т е л е к т жайында, “Тимей” атты кітабында Платон – Жанның да интелектінің де, тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. Бұл екі дүние бірі мен бірі қабаттас, біреуі – Жоғары, біреуі – Төмен дейтін мағынаға ұқсас ойлар айтады. Біз оның айтқандарын терең талдап ұғынуымыз керек. Интелекті дүниесін де, Жан дүниесін де – ол тек ә р е к е т сферасында ғана айтқан. Бірақ, бұлардың әрқайсысының өз орындары бар. Ол – ж о ғ а р ы және т ө м е н дегенді жазықтық пен кеңістік ретінде емес, тек, і з г і л і к пен қ а д і р л і л і к мағынасында түсінеді. “Парасат дүниесі” – “надандық дүниесі” – “білім дүниесі” – “о дүние” – деген сөздерді біз қандай мағынада айтатын болсақ, ол мұны сол мағынада түсіну керек деп есептейді. Сондай-ақ ол – ж а н н ы ң жаратылысқа эманациясы туралы және и н т е л е к т і н і ң - жанға эманациясы туралы да айтады. Платон философтың мұндай н ә з і к ұғымдарын, оның жолын ұстаушылардың позициясынан басқа деп түсінуге болмайды. Өзінің “Жан туралы” кітабында Аристотель–философ и н т е л е к т і н і - жанның ең асыл актуальды бөлшегі деп түсіндірген. Осы интелектінің жәрдемімен жұрт – Жаратушыны таниды және Метафизиканы біледі. Олай болса, интелекті - өзінің о р н ы мен ж а ғ д а й ы жағынан емес, керісінше, ә с е м д і г і мен шынайы т а з а л ы ғ ы жағынан – Жаратушыға ең жақын тұрған дүние ретінде бағаланады. Мұнан кейін жақын тұлға – Ж а н екені айтылады. Жан өзінің табиғи с е з і м д е р і арқылы – Интелекті мен Жаратушыға д ә н е к е р тәрізді. Сөйтіп, Ж а н бір жағынан – Интелектімен бірігеді, и н т е л е к т і тарапынан – Жаратушымен бірігеді. Ал Ж а н екінші жағынан – Жаратылыспен бірігеді. Тұрған орны бойынша емес, болмысы бойынша Жаратылыс – Ж а н н а н кейін тұрады. Айтып жеткізілуі қиын аса күрделі – Платонның ой қорытындыларын дұрыс түсініп – осылайша ұғыну қажет болады. Егер де осылай түсінетін болсақ, онда Платон мен Аристотельдың арасында ешқандай қайшылық та, алауыздық та жоқ” – деп уақытынан озған, телегей теңіз ғұламалығын танытады. Жалпы шығыс әлемінде Платон мен Аристотель, көбіне Фарабидің түсіндірмесінен кейін ғана, терең ұғына алған ойшылдар көп. Солардың ішінде мәселенің бұл жағын ашық жазып қалдырған, ұлы ойшыл-ғұлама Әбу Әли ибн Сина екенін жақсы білеміз. Бұл деректі ол өз қолымен жазған өмірбаянының ішінде айтады.
Тікелей Ж а н т ә р б и е с і н е байланысты Халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негізі, немесе адам дамуының ф и з и о л о г и я л ы қ екінші к е з е ң і, бүгінгі таңға дейін ұ р п а қ т ә р б и е с і н е н тыс қалып отыр. Тіпті, ж а н т ә р б и е с і дегенді түсіне де алмай отыр. Ол жайындағы методологиялық ізденістің жоқтығы, адам тәрбиесінің қаншалықты ойсырап жатқандығын аңғартса керек. Сондықтан да, жоғарыда аз-кем айтылған Ж а н н ы ң – он е к і мүшесі, яғни 12 – арнасының жабылуға жақын жағдайы – жыл өткен сайын адамдар азып барады деген тұжырымды жиі айтқызып жүр. Оны айтып қана қоюмен еш мағына шықпайды. Өйткені, бұл мәселенің өзіне тән т ә р б и е ә д і с т е р і н жүргізбесе, жан дүниенің а р н а л а р ы сол жабылған бойы көресіңді көрсете бермек. Ендеше, тоғыз торқаның ішінде өсіп келе жатқан Ж а н и е с і тек биология мен физиология заңдылықтарына бағынып қана дамитынын ескерсек, ананың т ү й с і г і мен і ш к і б е с с е з і м д е р і арқылы т ә р б и е л е н е т і н - Жанның мүшелеріне тиісті деңгейде көңіл аударатын мезгіл жетті.
Шынын айтсақ, соңғы жылдардағы ұрпағымыздың маңдайына тиіп жүрген к ү й е л і к ө с е у де осы екенін несіне жасырамыз. Оның жауапкершілігі – тікелей ата-ананың мойнында екенін де ашып айтқан жөн. Олай болса, келер ұрпақтың бақыты мен саулығы тікелей алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиені түсінуіне байланысты. Қалай десек те, бұл мәселені ары қарай назардан тыс қалдыра беру бүкіл адамзат қауымын а п а т қ а ұшыратуы да мүмкін.

Заманының түзу кезінде дәстүрі бұзылмаған Қазақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет