Совет–Хан Єаббасов


АБАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ХАУАС МӘСЕЛЕСІ



бет91/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   294
Байланысты:
treatise70934

1. АБАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ХАУАС МӘСЕЛЕСІ
( ү з і н д і)

Абайдың жүрек культі жайындағы


танымына – арнай зерттеулер жүргізу қажет”
М.Мырзахметов.

М.Әуезов – Абайдың т ә ң і р і н і т а н у ы мен адам ж а р а т ы л ы с ы жайындағы ойларын зерттей келіп, оның ‑ ”Діні – сыншыл ақылдың шартты діні – деген тезистік пікірі, қаншалықты білгірлікпен әділ, дұрыс айтылған, бірегей пікір екенін, әсіресе хауас жайлы ойларына үңіле түскенде анығырақ сезінеміз.


Абай тәңіріні тануда шығармаларын да, шариғат “тоқта” деген шарттарға аялдамай, тәңіріні ақылға салып, ойға қондырмай тоқтамайтынын ‑ “Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын” ‑ деген пікірінде ашығырақ білдіреді. Абай шығармаларындағы х а у а с ж а й л ы м ә с е л е2 әлі күнге дейін арнайы зерттелмей келеді.
Х а у а с ұ ғ ы м ы Абай шығармаларында үш салаға бөлініп, бірі мен бірі тығыз байланыста алынса да, олардың өзара үлкен мағыналық ерекшеліктері де барлығын ескерген жөн. Х а у а с жайлы арнайы даярлықпен келіп, түп-төркінін тани оқымаса, Абай шығармаларында көтерілген пікірлердің табиғатын тереңдеп, бірден түсініп кетудің өзі қиынға соғатынын көріп жүрміз.
Хауас – арапша т ү й с і к, с е з і м – деген ұғымдарды қамтиды. Бұл - хауас сөзінің – тікелей лексикалық мағынасы ғана. Ал оның – Абайдағы қолдану мағынасы – дүниетанымға байланысты, терең философиялық, теологиялық ұғымдарға соғады. Бұл ұғым мұсылмандық шығыс философиясында ертеден елеулі орын алған кәнігі көне ұғымдарға жатады. Ол Абай шығармаларында – кәсіби құбылыс ретінде қаралып – ақын дүниетанымында елеулі де күрделі орын алатын бейнелеу теориясымен тікелей ұштасады. Абай сыртқы болмыстың санаға сәулелену процесі жайлы ойларын өз шығармаларында молынан таратып, хауас арқылы сыртқы болмыстың шындығын толық білмеу, ең болмаса дендеп білуге ұмтылмау – хайуан дәрежесінде қалу ‑ деп біледі. Абай дүниенің танымалдығы мен бейнелеу теориясы жайлы ұғымға даярлықсыз келмеген.
Бұл турасындағы пікірлері – “Ғылым таппай мақтанба” ‑ өлеңі мен соңғы шығармаларына дейін, желі тартып ұштасып жатады.
Абайдың пікірі бойынша - “Әрбір талантты жас дүние сырын білу жолында әуелі туа болатын хауас сәлим, денсаулық, әлеуметтік ортаның әсерімен ғылым-білімді меңгеруге үйірсектеніп, шын махаббатпен беріле ұмтылғанда ғана: - Алла тағаланы танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана – жәліб маәфағат дәфғы мұзаратларны – айырмақлық секілді, ғылым-білімді үйренсе болады1” – деп ой түйеді. “Адам болам десеңіз” дегендегі асыл мұраттары не екендігіне осы арада тағыда бір оралады. Осы аталған ғ ы л ы м салаларын меңгеруге, әсіресе сыртқы болмыстың сырын білуде – Абай х а у а с с ә л и м г е ерекше мән бере қарайды. Ол х а у а с жайлы еңбектермен кең түрде танысып, одан алған ой пікірлерін шығармаларында шашыранды түрде болса да, қадау-қадау беріп отырған. Абайдың х а у а с жайлы жалпы танымы, өзіндік ой-пікірлері – 27, 38-ші қара сөздері мен “Алла деген сөз жеңіл” деген өлеңінде ғана нақтылы бой көрсетіп, басқа шығармаларында жалпылама түрде тілге алынады.
Абайдың 38-қара сөзінде ғана ұшырасатын х а у а с с ә л и м д і (дені сау табиғи сезім мүшелері), Абай адамда туысынан пайда болатын табиғи құбылыс деп біледі. Абайдың тануында, х а у а с и х а м с а з а һ и р и (сыртқы бес сезім) сияқты сезім мүшелері арқылы пайда болатын әртүрлі жан қуаттарын өсіру, жетілдіру, дамыту процестері құдайдың араласуынсыз-ақ, әр адамның табиғи қабілетіне қарай пайда болатын реалды нәрселер. Абайда адам бойындағы – ақыл, білім, ой-сананың пайда болып шығар көзі – сыртқы болмыстың х а у а с – яки і ш к і және с ы р т қ ы с е з і м д е р арқылы сәулелену жолымен жетілетін р у х а н и құбылыстан басқа ешнәрсе де емес деген т а н ы м басым жатыр. Осындағы – х а у а с с ә л и м – ішкі және сыртқы с е з і м мүшелерін де қамтиды. Бұл тұжырым 38-ші сөзінде айқынырақ көрінеді. Бұлай деуге себеп, Абайдың х а у а с т ы – і ш к і және с ы р т қ ы с е з і м мүшелерінің жиынтығы іспеттес – Аллланың бойында бар с и п а т т а р ретінде суреттеп, оларды былайша жіктейді: 1. Хаят - ө м і р, 2. Ғылым, 3.Құдірет, 4. Көру /басор/, 5. Есту /самиг/, 6. Тілек /ирада/, 7. Сөз /кәләм/, 8. Болдыру /тәкин/, 9. Рахым, 10. Әділет. Соңғы екеуі – Абай тарапынан қосылған – жаңа сипаттар екенін ескертеміз. Әрі бұл сипаттың екеуі әділет пен рахым, Абайдың өзі ұсынған сипаты болса, қалған сипаттардан бұларға тек ғ ы л ы м д ы ғана қосатынын ерекше айтқан жөн.
Абайдың “Алла деген сөз жеңіл” өлеңінде түп ие ретінде балама түрде ұғым беретін, х а у а с т ы ң шын мәнін танып б і л у г е ұмтылған талабына тағы да кездесеміз. Бұрынғы өлеңдерінде “Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын” – деп түп иенің мәнін, к і м е к е н і н танып білуге ұмтылған әрекетін білдірсе енді соңғы өлеңін де, сол т ү п и е н і ң теологиялық көзқарас негізінде ғасырлар бойы өздерінше танытып келген, м ү т а к ә л л и м и н д е р мен м а н т и қ ш ы л а р д ы ң көзқарасынан мүлдем алшақ кетеді:
Ақылмен хауас барлығын
Білмейді жүрек, сезедүр.
Мұтакаллинмин, мантиқин
Бекер босқа езедір, - деген, ешкімнің аузы барып, қарсы айтпаған қатаң үкім шығарады.
Мұтакәллиминдік таным үстем болған сол дәуірде-ақ Әл-Фараби оларды: -“ Барша жұрт қабылдаған, немесе көпшілік мойындаған пікірді теріс түсінікпен бұлар “интелект” деп атайды” – деп мұтакәллиминдердің танымын тұңғыш сынға алған еді. Әл- Фараби сынға алған мұтакәллиминдер танымына қарсы сыншыл батыл ойды, 19- ғасыр соңында панисламизм идеясы өріс алған кезде, Абай бұл танымды одан ары сынап дамыта түсті. О баста әл-Фараби қатты сынаған, бірақ мұсылман идеологтары қолдап-қуаттаған мұтакәллиминді Абайдың түбегейлі түрде әшкерелеп терістеуінде терең сыр жатса керек-ті.


Қ ы с қ а ш а ү з і н д і н і ң с о ң ы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет