Совет–Хан Єаббасов


Имандылық бiледi. Ол iс-әрекеттерiнiң дұрыстығы мен бұрыстығы



бет212/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Имандылық бiледi. Ол iс-әрекеттерiнiң дұрыстығы мен бұрыстығы,


тәрбиесінің айналасындағы адамдардың қатынастарымен
талаптары. бағалауға тырысады. Сондықтан, баланың кез-келген
әрекеттерiн байқаусыз қалдыруға болмайды. Олар өздерiнiң дұрыс жасамаған қылықтарына өрекпiп, тiптi жылып жiберуге дейiн барса, ал жағымды iс-әрекеттерiне қолдау iздегендей, жанындағыларға күлiмдей қарап масаттанып та қалады. Осындай бала психологиясын жiтi ескерiп, ретiне қарай құптап та, сынай қарап та, үнемi құлықтық талаптарды үзбей қойып отыру қажет. Осылайша, бала сезiмдерiнiң айқындықтары мен тазалықтарына ерекше мән беру арқылы, күнделiктi тәрбиелерiмiзде одан көптеген тамаша жақсылықтарға қол жеткiзуге болады екен. Есi кiрiп қалған балалар үшiн, оның туған-туыстары мен жанұясының абыройы, ауылы мен аймағының беделi, осындай азаматтық сана бiртiндей жетiлiп, ақырында туған халқы мен отанының мақтанышы да, оның жандүниесiнiң бөлiнбейтiн бөлшегiне айналып кетедi. Сөйтiп, күллi адамзаттық қасиеттерге ұмтылудың сара жолдарына түседi.
Ұрпақ тәрбиесiндегi адамшылық қасиеттердің негізі,
Құлықтылық ғасырлар бойы қалыптасқан елiмiздiң халық
пен педагогикасының негiздерiмен бағдарланып жасалына
имандылықтың ды. Оның мақсаты мен мазмұны да, адамзаттың жарқын
шарттары болашаққа деген армандарымен астасып жатыр. Осы көзқарастардың ғылыми негiздерi, данышпан бабамыз әл-Фарабидiң - «Әлеуметтiк-этикалық трактаттары» атты еңбегiнде терең тебіренiстi сырлар шертедi: - «Жақсы немесе жаман ақыл-парасат тудыратын күйдiң түрi, тағы да екi түрге бөлiнедi. Оның бiреуiнiң арқасында – жақсы ақыл-парасат туады және мұның өзi ақыл күшi деп аталынады. Екiншi түрiнiң арқасында – жаман ақыл-парасат туындайды, оны ақыл кемдiгi» ‑ дейдi екен.Тамаша немесе оңбаған әрекеттер мен жан сезiмдердiң өзгерiстерiн тудыратын күйдiң түрiн – мiнез-құлық деп атайды. Қалыптасқан мiнез-құлықтың әсерiмен адам жақсы да жаман әрекеттердi жасай бередi. Жақсы мiнез-құлық пен ақыл күшi бiрiккенде – одан өте үлкен адамшылық қасиеттер шығады.Бiз адамның жетiлуi – оның мiнез-құлқының жетiлуiмен сайма-сай келедi. Адамның мiнез-құлықтарын жетiлдiретiн әрекеттер, оның өз денесiн жетiлдiру үшiн жасайтын талпыныстарына ұқсайды. Ал адамның денесiнiң жетiлуi – денсаулық» 2.
Ғұлама ғалымның бұл еңбегiнiң әрбiр жолы ұлағат пен бiлiм атаулының бұлағы тәрiздi. Ғұламаның телегей теңiз еңбектерiнен, халқымыздың адамдық тегiнiң қайдан бастау алғандығын оңай аңғаруға болады. Жоғарыда бiздер халықтың тегiне де арнайы назар аударып, оның ғажайып қасиеттерiн даралай талдап сипаттаумен бiрге, болашақтағы ұрпақ тәрбиесiне жүйелi түрде пайдалануды ұсынған едiк.
Баланы – көпшiл етiп тәрбиелеудiң де маңызы зор. Осы арқылы – ертеңгi адамдардың арасындағы өзiмшiлдiктiң азаюына да әсер етуге әбден болмақ. Сондықтан, сәбилердi – балбөбекте (ясли), балаларды – балабақшаларда тәрбиелеудiң маңызы мен мақсаттарын еш нәрсемен салыстыруға келмейдi. Бiрте-бiрте ұрпақ тәрбиесiнiң ең негiзгi мәселелерi де, осы балалар мекемелерiнде шешiлуге тиiстi. Бұл жайында еңбек ететiн ғылымдарының салаларынан ештеме де аямаған жөн.
Жас ұрпақтардың құлықтық және имандылық тәрбиелерiнiң негiзiнде, оның iшкi-сыртқы сезiмi мен санасына, жан-дүниесiнiң рухани жетiлуi мен көңiл-күйлерiне бiр қалыпты әсер етер тәрбиенiң түрлерiн кеңiнен қолдану керек. Осы тәрбиелердiң ғылыми жүйелiлiгi мен реттiлiктерiн де, көздiң қарашығындай сақтаған дұрыс. Осымен қоса, баланың жеке тұлға ретiндегi қалыптасу қалпын да, әркез естен шығармау қажет. Осылай-ша, бала тәрбиесiнiң этикалық негiздерiн, көбiнесе ойын үстiнде қалыптастыра отырып, оның үндестiгiндей еңбекке деген сүйiспеншiлiк пен бiр-бiрлерiне адалдық қасиеттерiн де сiңiруге тырысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет