§ 5. ҚҰЛЫҚ МЕН ИМАНДЫЛЫҚ
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.»
АБАЙ.
Бүгінге дейін айтылып келген педагогикалық тәрбие баланың нәресте шағынан басталады деп келсе, біздер мүлдем олай емес екенін үзілді-кесілді дәлелдеп отырмыз. Жоғарыда айтылған адам тәрбиесінің жаңа көзқарасы бойынша, нәресте шақтың алдындағы екі кезеңді тереңдете қосуға тура келіп тұр. Оның біріншісі — адамдардың шаңырақ көтеріп семья кұрар кезіндегі е р к е к пен ә й е л д і ң и м а н д ы л ығы, осы сәттегi, әйел жатырына түсетiн ұ р ы қ т а з а л ы ғ ы н айтқан едiк. Ал, екiншiсi – Ана құрсағындағы жан иесiнiң даму сипаттарын айта отырып, бүкiл адамдық негiздерi, бала дүниеге келгенге дейiн қалыптасып қоятындығын, оның құлпыра жетiлуiне бiрден-бiр әсер ететiн жүрек тәрбиесiнiң мәнiне ерекше көңiл аударған болатынбыз. Ендеше, адамдардың ана құрсағында қалыптасатын мiнез-құлықтары мен адамшылық негiздерiнiң тәрбиесi, жөргектен ғана басталмай, тым тереңде жатқандығын аңғарамыз. Олай болса, бала шыр етiп дүниеге келгенге дейiн, оның имандылығы мен жүрек тәрбиесiн ойламасақ, кiндiгiн кесiп жерден көтерiп алғаннан кейiн бастамақшы тәрбиемiз тым кеш болады екен. Егер, халқымыздың ұрпағына бағдарлама ретiнде қалдырған даналығына жүгiнсек: «Алып анадан туады» ‑ деген тұжырымының мәнiнде де, гәптiң бәрi де ана құрсағындағы тәрбиеде екенiн түсiнумен бiрге, осыншалық жұмбақ сырдың кiлтiн қалдырып кеткен ата-бабамызға бас июiмiз керек.
Баланың нәресте және сәби кезеңдерiнде мiнез-құлықтары мен имандылық тәлiмдерiн ерекше қадағаламай болмайды. Осы шақтағы олардың әдептiлiгi мен мейiрiмдiлiгi өздерiнiң күнделiктi iс-әрекеттерiнен көрiне бастаса, онда бала тәрбиесiнiң дұрыс жолда екендiгiн аңғару қиын емес. Бала 2–3 жасқа толғаннан кейiн, балабақшада тәрбиеленудiң артықшылығы, дүние жүзiндегi халықтардың тәжiрибелерiнде ғылыми дәлелденгенi белгiлi. Қашан да, баланы жанындағы ересек балалардың тәлiмдi қылықтарымен тәрбиелеудiң орны бөлек екен. Сондықтан да, дұрыс тәрбие алған ересек балалардың қылықтары, олардың айналасына деген жанашырлық көзқарастары, үлкен мен кiшiге көрсетер iзеттерi, еңбек сүйгiштiк қасиеттерi, тiптi саналы түрде көмекке келу мен өзiн-өзi тәрбиелеу мәнерлерiн де, жанындағы сәбилерге үнемi үлгi ретiнде байқатпай ғана әсер етуге тырысқан жөн. Мұның өмiрлiк мысалы ретiнде халқымыздың ұлттық дәстүрiндегi көп балалы жанұяларының үлгiлерiн, ұлағат етiп көрсетудi дұрыс деп бiлемiз. Өйткенi, қашан да бiр жанұядағы көп балалардың өзара тәрбиесi барынша әсерлiлiгiмен де және демократиялылығымен де құнды. Ал, ата-ананың тәрбиелерi көбiнесе балаға үкiмдi тәрбие екенi де шындық.
Кез-келген бала өзiнiң жасаған ерсi қылықтарын
Достарыңызбен бөлісу: |