Мектептің әлiппесiн үйретумен қоса, жалпы өмiрдегі өз орнын
мәні қалай табуға көмектесетiнiн де ескерген жөн. Бұл мақсатқа
мен берері. жетудiң жолы, мектеп қабырғасында өтетін әртүрлі пәнді игеру арқылы болмақ. Ендеше, баланың кез-келген пәндi ынтыға игеруiне, оның соған жан-тәнiмен берiлуiне тiкелей байланысты екен. Сөз жоқ, бала өзi қызыққан iстi ғана сапалы деңгейде үйренуге тырысады. Олай болса, қазiргi сабақ әдiстерiн қайта қарап шығудың өзi де, шешiмін күтiп тұрған елеулi мәселе екенiн түсiнуiмiз керек. Мәселен, балалар арифметиканы кiтап пен тақта бетiнен гөрi, оған мектеп iшiнде тәжiрибе ретiнде ашылған магазинде iстеу арқылы үйретуге тырысса, ол әлдеқайда сапалы да терең меңгеретiндiгiн дәлелдеп жату қажет емес.
Екiншi бiр ерекше көңiл аударатын мәселе, баланың мiнез-құлқының көпшiл де, кеңпейiлдi болып қалыптасуы дер едiк. Егер ол өзiнiң айналасындағы адамдармен тiл табыса білмесе, онда оның телегей теңiз бiлiмдiлiгiнен де, өз iсiне шебер iскерлiгiнен де пайда жоқ. Ол өмiрдегi өз бақытын да таба алмай, өте ауыр жағдайларға тап болатындығын ашық айтқан дұрыс. Сондықтан, баланың сонау нәресте шағынан, сәби кезеңдерiнен-ақ, оған «адамның күнi – адаммен» дейтiн халық педагогикасының тәлiмiн шым-шымдап бойына сiңiре беру керек. Үлкеннiң де, тәрбиешiнiң де балаға жасар ең үлкен көмегi осы?! Осының бәрiн балаға үлгi түрінде үйрететiн мектептiң мәнiн бағалауға, тiптi қысқа қайырып айтуға тiл жетпейдi десек, бiздерге кiнә қойып сөге көрмесеңiздер екен.
Бұл – оңай шаруа емес, мұғалiм атаулыдан қайыспайтын
Мектептегі жiгер мен қас шебердiң мiнезге бай төзімділігін талап
сабақтарды етедi. Сөз жоқ, баланы бар болмысымен қызықтыратын
қызықты тетiгi табылған сабақтар ғана жалықтырмақ түгіл,
етіп өткізу. оның жан-дүниесiн баурап, өзегі терең құпияларына жетелейдi. Мәселен, туған халқының көне тарихы болып есептелiнетiн сақтар мен ғұндардың тiршiлiк тұрмыстары, олардың асқан шебер жауынгерлiктерiн сөз ету арқылы тарих пәнi мен халық педагогикасын байланыстыру, тұрмыстағы экономика мен этнопедагогиканы, немесе фольклорлiк терме-жырлар мен ән-күйлердiң мазмұнын ашуға болады. Сол сияқты, осы деректi ‑ тетiк ретiнде пайдаланып, география пәнiн де – жер бедерiнiң кескiнi ғана емес, сақтардың кен байлықтарын игерген жерлерi мен гундардың шапқыншылығынан құтылу үшiн салынған Қытайдың қорғанын бiлуге ұмтылу да, география пәнiнiң мән-мағыналарын әсерлендiрiп жiбередi. Тағы да сол замандардан қалған ою-өрнектер мен тұрмыстық заттарымыз бен өнер-бiлiмдегi мәдени қазыналарымызбен салыстырсақ, оның берер ынта жiгерi мен бiлiмнiң тереңiне ұмтылар күш-қуатын немен теңдестiруге болар екен. Осы-лайша, кез-келген пәндi ерекше бiр қызықты тетiк арқылы, оны жанды да, мәндi етiп жiберуге болатынын айтқымыз келедi. Мұндай әдiстердi тәжiрибелi мұғалiмдер жақсы бiледi. Олар осы тәсiлдiң бәрiн сәттi пайдалану арқылы, шәкiрттерiнiң iшкi тәртiптерi мен өзiн-өзi тәрбиелеу қасиеттерiн жетiлдiруге тырысады. Өйткенi, олар тәртiптiң мойынға iле салатын шарпы емес, қайта iшкi жан-дүниедегi рухани сезiмдермен тығыз байланыста жетiлетiндiгiн анық бiледi. Сондықтан, мектеп қабырғасындағы әрбiр оқушы өздерiнiң мақсаттары мен қол созған армандарын, тайға таңба басқандай айқын түсiнулерi керек. Оның алатын бiлiмдерiнiң азаматтық сапасы, туған халқының келешегiмен тығыз байланысып жатқанын да бiлуге тиiс.