кезең: баланың қызығушылығы мен бүкiл топтың сұраныстары
қатарласа келсе, бiрiншi кезекте көпшiлiк балалардың өтiнiштерi орындалуға тиiстi. Тiптi, орайы келiп жатса екi жақтың да, тiлектерiн үндестiре орындаудың маңызы зор. Қойылатын мақсаттар қандай жағдайда болмасын, балаларға өте айқын да түсiнiктi болуы керек. Сонда, мұндай мақсаттарға өздерi ұмтылыс жасайды. Ендеше, белгiленген мақсаттар арман мен үмiт түрiнде қалмай, қалайда орын-далатындай етiп қойылуға тиiстi.
Шешiм қабылдау! Бұл - әрине ең негiзгi және ең қиын әрекет.
кезең: байланысты. Өйткенi, бiрнеше мақсаттардан, тек біреуін ғана таңдап алу, әрқашанда жауапкершiлiктi талап етедi.
Бұл этапта тәрбиешi жүргiзiлетiн сабақтарын жоспарлайды
Үшінші және iске асырудың бағдарламасын жасайды. Мұндағы ең
кезең: ауыр қиыншылық, алған мақсаттан көз жазып қалмау болып табылады.Iске асырылатын үлгiден адаспау үшiн, үнемi нақтылы әрекеттермен ғана iске кiрiсудiң қажеттiлiктерi туындайды. Осыған орай, баланың мiнезiне үш түрлi үндестiктi сiңiрген жөн: мақсаттың ақырын үнемi есте ұстау, оған жетудiң жолдарын бiлу, iс жүзiндегi көрiнiстерi. Баланың ең негiзгi әзiрлiктерi, әуелi өзiнiң зейiнiн шыңдау, төзiмдiлiгi мен жiгерiн жетiлдiрудi анық түсiне бiлуi керек. Сонда ғана алдына қойған мақсаты дұрыс орындалады.Мiнеки, Жапониядағы балабақшалардағы тәрбие жүйелерiнiң ерекшелiктерi осындай. Әрине, осының бәрiн олар аспаннан алып отырған жоқ, жоғарыдағы айтылған ережелердiң әр тармағында адамзат қауымындағы бар, күллi педагогикалық үлгiлердiң нәрiн жинақтап жасаған. Әйтсе де, шашырап жатқан қазыналарды бiр жүйеге келтiрiп, ретiмен пайдаға асырудың да өзiндiк өнегесi бар. Қашан да, адамзаттық мәнi бар тағылымдарды қандай халық жасаса да, ақыры ол көптiң игiлiгiне айналары белгiлi.Осылайша, балабақша кезеңi аяқталысымен-ақ, жетi жасқа толған жеткiншектерiмiз мектеп қабырғасына келедi. Бұл тәрбие кезеңiнiң жауапкершiлiгi бұрынғыдан бетер тереңдей түседi. Оған ата-аналар да, балалардың өздерi де дайындалады. Алайда, бұл жауапкершiлiк қаншалықты қиын болғанымен, балаға тек қуаныштар ғана сыйлауға тиiстi. Бала қуанышы, тек ата-аналар ғана емес, бүкiл елiмiздiң қуанышы болмақ.