Совет–Хан Єаббасов


Мектептің Адам тәрбиесiнiң қиын жолдарын, тiптi оны биология



бет231/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Мектептің Адам тәрбиесiнiң қиын жолдарын, тiптi оны биология


қиын ” лық индивид ретiнде ескермеудiң салдарынан кеткен,
балаларға кемшiлiктердiң де мол екенiн жоғарыда айтқан едік.
тигізер көмегі. Оның үстiне бала тәрбиесiндегі психологиялық залалдардың әсерiмен болатын, бала мiнезiндегi жағымсыз өзгерiстердiң де, қым-қиғаш қисық сәттерi көп. Мiне, осындай ұрпақ тәрбиесiндегi керағарлықтарға үстемелей жалғасатын шәкiрт психикасын ескермейтiн доғал түсiнiктi ұстаздар қосылғанда, мектеп қабырғаларында көптеп кездесетiн «қиын» дейтiн атақ алған балалардың топтары пайда болады. Осындай жағдайдың бiр көрiнiсiне тоқталып көрелiк. Мәселен, бiр балаға алғашқы сыныптардан-ақ кiтапты мүдiрмей оқуы да, дәптерге қатесiз жазуы да қиындыққа түсiп, екiншi сыныптан кейiн келесi сыныпқа өте алмай қалады. Мiне, бұл жағдай баланың жан-дүниесiн қатты жаралайды. Бiрақ, ол өзiнiң бұл сәтсiздiгiне iштей ұялғанымен, негiзгi кiнәлiнiң кейпiнде мектептi жамандайды.Осы пiкірдiң айналасында неше алуан дау-дамай туындап, жанындағы жолдастарымен де жиi түс шайсып қала беретiн болады. Оның ойынша басқалар мұны «қабiлетсiз» санайтын сияқтанып көрiнедi. Осылайша, баланың өзiндiк жiгерi жасып, жан-дүниесiне дақ түседi. Мұны дер кезiнде сабақ беретiн ұстаздары да түсiне қоймайды.
Сөйтiп, бала басқа мектепке ауысып тынады. Оның бағына орай жаңа мектепте тәжiрибелi ұстаздың қолына түседi. Мұғалiм мән-жәйдiң бәрiн баланың шешесiнен естiп бiлгеннен кейiн, оның ою-өрнек және ағашпен жұмыс iстеудi жақсы көретiнiне ерекше көңiл бөле бастады. Бiрден алғашқы күндерде сурет салу және еңбек сабақтарын жиiрек өткiзiп, шынында да жаңа келген баланың суреттерi де, ағаштан жасаған бұйымдары да, көңiл аударарлықтай сәттi болып шығады. Мұғалiм бұған жәй ғана ерекшелемей-ақ, басқа балалардың алдына оның жұмыстарына жақсы баға бере отырып, кейбiр сәтсiздеу жасаған балаларға көмек берудi ұсынады. Ендi ол өз тарапынан басқа балаларға көмек көрсетуге үйрене бастайды. Оның еңсесi көтерiлiп, көңiл-күйi де жақсарады. Мектепке деген ынтасы да артады. Сонымен қоса, үйде өз бетiмен дайындалып, оқуын да, жазуын да жақсартуға күш сала бастайды. Оның жаңадан танысқан сыныптастары, оны «қабiлетсiз» деудiң орнына таланттылығын мақтаныш етедi. Бала осылайша бiртiндеп, бұрынғы әсер еткен психикалық зақымдардан арылып, жолдастарының арасында көңiлдi де, мейiрiмдi күндерiн өткiзгенге қалыптаса бередi. «Қиын» бала деген лақаптың да аты өшедi.
Халықты арбау мен алдауға құрылған империялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет