§ 1. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АЛТЫНШЫ НЕГІЗІ (НЕСЕМЕ БАЛИҒАТ КЕЗЕҢІ)
«Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» АБАЙ.
Физиология Баланың мектепке жетi жасында баруы – негiзінен
заңдылығы. биологиялық және физиологилық заңдылықтарды
басшылыққа алудан деп түсiнген жөн. Өйткенi, тап осы жастан бастап, «шабдалдың үшiншi бұтағы» деп бейнеленетiн, жұмбақ сыры мол жыныс жүйесi бiртiндеп бүршiк жара бастайды. Жетi жасқа толған балалар бұрынғыдай емес, ұлдары – қыздарға, қыз балалары – ұлдарға мүлдем жаңа көзқарастармен қатынас жасауға ұмтылады. Осы кезеңнен бастап, жыныс бездерi мен жұлын-жүйке сөлдерiнiң, өзара үндесе жұмыс iстеуiнiң әсерiмен, жасөспiрiмдердiң тек мiнез-құлықтары мен адамдық темпераменттерi ғана қалыптасып қоймай, әр тұлғаның өз ерекшелiктерiн жетiлдiрудiң ең күрделi сатылары басталады. Ендi осыған, әуелi ана құрсағында жаралғаннан бiрге қалыптасатын тектiк сипатын қоссақ, сонда ғасырлар бойы қалыптасатын ұлттық ерекшелiктердiң де әсерi аз болмайтындығын аңғаруымызға болады. Ендеше, алты жасарларды 0-шi сыныптан бастап бiлiм алуға әзiрлегенiмiзбен, ал мектеп қыбарғасына тек жетi жасында ғана баруының өз заңдылықтары бар екен. Қазiргi алты жасынан жаппай мектеп қабырғасына тартудың да өзiне тән зияны барын ескерген жөн. Ал, кейде табиғаттың өзi ерекше етiп жарататын балалар болады. Олар алты жасында емес, тiптi онан да ертерек, бiлiм-ғылымды үйренудiң жолын бастайды. Мұндай балалардың өмiрге келуi, сирек кездесетiн құбылыс екенi белгiлi. Олай болса, табиғат өзi жаратқан тiршiлiк иелерiнiң бiр қалыпты заңдылық тәртiптерiн бұзбағанды қалайды.
Дендерi сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек ұғымталдығымен ерекшеленедi. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейiмдi. Жете түсiнген құбылыстарын өмiр бойы ұмытпайтындықтары да белгiлi. Тiптi, бұл, қасиеттi адамның балалық шағы мен егделенген кезiнiң, ең үлкен айырмашылықтары десек те болады. Әйтсе де, баланың өзiне ғана тән осы қасиеттерiн – сезiмталдық пен сергектiгiн, әсерленгiштiк пен ой-толғаныстарын – жоғары нерв жүйесiнiң iлiмдерiне сүйенiп түсiнгенiмiз, бәрiнен де терең, әлдеқайда дұрыс болары хақ. Мiне, бұл жайында ұлы физиолог И.П.Павлов: «Жан-жануарлар әлемiнiң жетiлу шыңының адамдық фазасында, оның жоғарғы нерв жүйелерiнiң қызметiнде қосымша өзгерiстер пайда болады. Әуелден бар бiрiншi әсер (сигнал) қабылдау жүйесi жетiле келiп, екiншi әсер (сөз) қабылдау жүйесiмен үндеседi. Бұл табиғат жетiлдiрген тiршiлiк әлемiнiң жаңа сапаға ауысқан аса үрдiс шырқау шыңы едi» ‑ деген ғылыми қорытындының адам тәрбиесiне берер маңызы зор.
Баланың тiл үйрену қабiлеттерi, оның ерекше алғырлығы мен зерделiлiгiн аңғартатын, ерекше айқын бiрден-бiр дәлелi екенi рас. Себебi, өзiнiң ана тiлiнен басқа, шет тiлдердi игерудiң қиындықтарын кiм түсiнбейдi? Ал, бала өзiнiң сәби шағында ана тiлiн өздiгiнен үйренiп қана қоймай, оны жылдам игерудiң тәсiлдерiн де өздерi қарастырады. Осылайша, адамның «бiрiншi әсер» қабылдау жүйесi: көру, есту, тұщыну, сезiну, иiскеу сияқты сезiмдерден қалыптасса, екiншiсi – тiл (сөз) арқылы бүкiл бейнелiлiктi ұғынады. Мiне, адамдағы әсер қабылдаудың екi жүйесi - өмiр бойы бiрiн-бiрi толықтырып отыруға тиiстi. Мәселен, адамның ұзақ-салқар өмiр тiршiлiгiнде – екiншi әсер қабылдау (сөз) жүйесi – бiрiншi әсер қабылдау жүйесiнен басым түсiп жатса, адамдардың ойланулары мен тұжырым жасау қабiлеттерiнiң тепе-теңдiктерi бұзылады екен. Адам табиғат аясынан алшақтап, еш тежеусiз тiл мен жағына сүйенiп кеткен жағдайларда, олардың көп сөздiгi мен бос сөздiктерi ерекше қаулай түсетiн көрiнедi. Ендеше, И.П.Павловтың iлiмi бойынша адамдар өзiне табиғат сыйға тартқан iшкi және сыртқы бес сезiмдерi мен екiншi әсер қабылдау (сөз) жүйелерiн, құстың қос қанатындай мәпелеп бірдей ұстағанда ғана үлкен жетiстiктерге жететiндiгiн аңғартады.
Дәл осы тұжырымдардың ыңғайына орай, менiң «Кәусәр» (Алматы, 1985 ж.) атты ғылыми-фантастикалық романымның көтеретiн негiзгi мәселесi де, жоғарыдағы айтылған әсерленудiң екi жүйесiнiң тепе-теңдiктерiн табиғи шешудiң жолдарын iздестiредi. Түптiң түбiнде адам баласын мүлдем жаңа сапаға көтеру үшiн, оны қалдықсыз қорекке көшiру арқылы ең ауыр азаптың тамырына балта шауып, «жеу заңы» мен «қызыл өңеш» құлдығынан босатуды аңсайды. Шынайы ғылыми-фантастикалық болжамдардың негiзi, немесе прототипiтабиғаттың өз қойнауында жататындықтан, бұл шығармада айтылатын идеялардың баламалары да тiршiлiк аясынан табылатындығымен-ақ қызық?! Мәселен, қалдықсыз қоректенудiң бiр көрiнiсi, күллi өсiмдiктер әлемiтамыры арқылы, тек өзiне қажет қорегiн ғана алатындықтан, олардың ешқандай да қалдық бөлiнiп шықпайтыныбәрiмiзге аян нәрсе. Ал, екiншi баламаның мазмұны мен көрiнiсi, тiптi таң-тамаша жаңалықтарға жетелейтiн тәрiздi. Мұның анық мысалы ретiнде, жануарлар мен адам баласының құрсақта жатқан кезеңiне, ерекше мән берiп қарастырсақ жетiп жатыр. Тiптi, жануарлар әлемiн түгендемей-ақ, адам баласының ана құрсағындағы тiршiлiгiне көңiл бөлiп көрелiкшi, сондағы оның тоғыз айдың iшiнде, iштегi жатқан жаниесi бiр тамшы зәр, не бiр түйiр нәжiс бөлiп шығармайтындығын бәрiмiз де бiлемiз ғой. Мiне, мұндай аса құнды өмiршең деректер, тiршiлiк атаулының құрсақтағы жетiлулерi кезiнде, тек қалдықсыз қоректi пайдаланатындықтан – «қызыл өңеш» құлдығында болмайтындықтары анықталып отыр. Мәселен, адам баласы анасының құрсағында жатқанда, өзiнiң «жолдасы» деп аталатын зат арқылы анасының қанынан, тек таза күйiнде сiңетiн қалдықсыз қорек алады. Сондықтан да, ол ана құрсағындағы тоғыз айдан аса мерзiм iшiнде, не бiр тамшы зәр, не бiр түйiр нәжiс түрiндегi у ‑лы қалдық бөлiп шығармайды. Келешекте ғылым табиғаттың өзiнде бар осы модельдiң сырын ашып, адам тiршiлiгiн жаңа арнада жетiлдiру арқылы, әуел бастағы қалдықсыз қоректенудi қайыра өмiр өрнегiне айналдыру қажет. Бұл мәселенi шешуге қазiргi ғылым деңгейiнiң мүмкiншiлiктерi әбден жететiндiгiне сенiм мол. Тiптi, бұл мәселенi шешу, табиғат ананың адам баласына жүктеген, ең шешушi аманаты десек те артық емес. Егер де, адам баласы дәп осы аманаттың үрдiсiнен шықса ғана – бүкiл жер бетiндегi табиғаттағы да, азып-тоза бастаған адам атаулының тiршiлiк арнасын да сақтап қалмақ.
Қазiргi адамзат тiршiлiгiнiң сипатына шындық көзiмен қарайтын болсақ, оның күнi-түнi баз кешкен ғылымдағы ашқан жаңалықтары да, ақыл-ойларының күш-қуаттары да, тек осы «қызыл өңештей обырды» тойдырудың ғана қамы екендiгiн жалған деуге ешкiмнiң де дәтi жете қоймас. Тек осы қызыл өңештiң қамымен миллиондаған гектар жер беттерiн тырмалай егiн салып, миллиардтап бағып мал өсiрсек те, ашаршылық атты апаттан қорықпайтын жан жоқ. Ендеше, бұл мәселе армандай алыс сияқтанып көрiнсе де, болашақ ұрпағымыздың тәрбиесiмен тiкелей астасып жатқандықтан, қиялымыздағы болжамымызды да қоса ұсынғанды жөн көрдiк.
Әйтсе де, адамның қоректену мәселесi, бiздер егжей-тегжей жаңа iлiм деңгейiне көтерiп отырған, осы халық педагогикасының назарынан тыс қалған құбылыс емес екендiгiн айта кеткiмiз келедi. Мәселен, халқымыздың даналығында: «Ас – адамның арқауы», дей тұра, «Ауру – астан» деп тұжырымдайтындығын бiлемiз. Егер осы ұғымдарды таратыңқырап айтсақ, жалпы адамдар еркегi ме, жоқ әлде, әйелi ме бәрiбiр, әрқайсысы орташа есеппен жылына бiр тоннадай, яғни 1000 кг қоюы мен сұйығы аралас тамақ iшетiндiгi белгiлi. Осы мың килограмның бар болғаны бiр-ақ килограмдайын ғана адам тiршiлiгiне пайдаланып, қалған 999 килограммын күнделiктi қорытылған қалдық ретiнде, ағзасынан шығарып тастап отырады. Бiрақ сол нәжiсте, тәулiгiне неше дүркiн бөлiнiп шығатын зәр де, жәй ғана ағзадан зиянсыз шықпай, қайта оның барлық мүшелерiн уландырып, бiлдiрмей кемiктей мүжiп тоздырумен болады екен. Осының тiкелей әсерiнен, адам баласы 1500 – 2000 жыл еркiн өмiр сүруiнiң орнына жүзге де жетпей өлiп, табиғат берген миындағы орасан үлкен қабiлеттiң, не бәрi 4–6 пайыздайын ғана пайдаланатындығы, баяғыдан берi-ақ ғылымда дәлелденген нәрсе?! Олай болса, адам миы түгелге жуық, негiзiнен уланып жатыр деген сөз. Осы уланудың өмiрдегi ең бiр елеулi дәлелi ретiнде баланың жас кезiндегi қабiлетiн айтқан жөн. Оның дүниеге тап-таза күйi келген ‑ уланбаған миы ‑ тiл үйренгенде де, айналасын танып түсiнуде де, алдына жан салмайтын қабiлеттiгi, оның ана құрсағында қалдықсыз нәрмен қоректенетiндiгiн дәлелдесе керек. Тiптi, бастауыш сыныптарда нашар оқитын балалардың болмауы, осы құбылыстың өмiрдегi айқын көрiнiсi дегiмiз келедi. Әрине, бүкiл бiр романдағы айтылған күрделi мәселелер мен олардың жүзеге асырылу әдiстерiн, егжей-тегжей айтып шығу мүмкiн емес. Тек, болашақтағы ұрпақ тәрбиесiнде ескерiлуiн ғана өтiнемiз.
Мектептiң ең негiзгi мiндетi балаға бiлiм атаулының