2
|
2
|
2
|
3
|
|
Сүйікті пән
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
3
|
|
Математика
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
а) алгебра
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
|
ә) геометрия
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
|
б) тригономе-трия
|
25
|
30
|
31
|
31
|
33
|
34
|
34
|
34
|
34
|
|
Ескерту 1-3 сыныптарда сабақ тек 35 минуттан ғана жүргізілсін
*- жұлдызша мен үтір сабақтардың кезек ауыстырылуы.
§ 2. САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН УАҚЫТ МӨЛШЕРІ
«Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек — ездігінен көпке көнбек»
АБАЙ.
Дәріс – жан қуатымен үндессін. Жалпы адам ғұмырындағы, ең бір жауапты кезең, ол мектеп қабырғасында өтетін, тәрбие мен тәлімнің дұрыс ұ й ы м д а с т ы р ы л у ы болып табылады.
Ұйымдастыру — деген сөз, ХХ-ғасырдың аса ұлы ұғымы ретінде танылса, ХХІ-ғасырдың қолданбалы құралына айналмақ. Бұл айтылған тезисті терең түсініп, дұрыс жолға қоймайынша, тіпті адамзат қауымының үндесе жетілген өркенін көз алдыңа елестету қиын. Өйткені, әрбір жеке адамдардың іс-әрекеттерінен бастап, мемлекеттің басқару жүйелеріне дейін, тіпті келешекте дүниенің тұтқасы болмақ ғ ы л ы м мен б і л і м н і ң жемістілігіне, тек дұрыс ұйымдастыру шеберлігін жете игергенде ғана қолымыз жетпек. Ендеше, ертеңгі болашағымыздың мектеп қабырғасындағы сан-сала тәрбиелерін дұрыс ұйымдастырудың орны, тіпті алабөтен ерекшелігімен даралануы керек. Олай болса, осы күнге дейін мән бермей келген адам баласының ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиеден бастап, оның кәмелетке жеткенге дейін өтетін сан-алуан тіршілік сабақтары, барынша дұрыс ұ й ы м д а с т ы р ы л у ы қажет екенін іске асыруымыз керек. Әйтпесе, қазіргі өміріміздің өзі көрсетіп отырғандай, ұрпақтарымыздың тәрбиесі мен тәлімі жанбай жатып сөнуі де, ақпай жатып іркілуі де, тереңдеген тексіздікке ауысып кетуі ғажап емес. Сондықтан, тәрбие тәлімдерін дұрыс ұйымдастыру үшін — ең әуелі биологиялық тіршілік иесі ретінде адамның бүкіл табиғаты мен жандүниесін түсініп алған жөн. Әсіресе, адам бойындағы қабілет пен қасиеттер қандай заңдылықтарға бағынады екен? Қайтіп тұрақталып, қалайша өркен жайып жетілмекші?
Міне, осынау күрделі де, аса қиын сауалдардың жауабын, адам және табиғат мәселесін тереңдей талдап зерттеген ғұламалар: Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн-Сина, Ф. Энгельс, И.П. Павловтың және А. А. Ухтомскийдің еңбектерінен саралап байқауға болады. Әсіресе, өзіміздің замандасымыз, ми мен жұлын-жүйке жүйелерін тереңдей зерттеп, оның физиологиясының негіздерін қалаған И.П.Павловтың іліміне арқа сүйемесек, көптеген қателіктерге ұшырайтынымыз анық. Тіпті, осы күнге дейінгі адам тәрбиесіндегі керағарлықтың бәрі де, ғылым атаулының қағидаларын педагогика іліміне қолданбай келуімізде десек те болады. Бұл халқымыздың: ‑ «Өзің білме, білгеннің тілін алма» ‑ деген аса ауыр сөзінің кебін киіп отырғандай сияқтанып та көрінеміз. Ендеше, тағы да бір ескерілмей келген кемшіліктің түрі, мектеп қабырғасында жүргізілетін сан-алуан сабақтардың мөлшері де және оның уақыт ұзақтығы да, физиологиялық заңдылықтарды ешуақытта қатерге алмай қағаберіс қалдыруында болып табылады. Бір ғана осы қателіктің өзі-ақ, бала психикасына қаншама залалын тигізетінін кім ойластырып көрді екен? Бұл мәселе, бүгінгі таңға дейін ешкімнің қаперіне де кіріп көрген емес!
Мәселен, баланың ағзасындағы барлық б и о р и т м д е р ді салыстыра келіп (тамыр соғуы, тыныстау, жүйкенің қозуы мен саябырлауына кететін уақыт мөлшерлері), оның ойлау қабілетінің де белгілі уақыттарда ауысып тұратын ритмін ескерсек, қазіргі мектептердегі сабақтардың 45 минутқа созылатыны, әсіресе бастауыш кластардың баласы үшін дұрыс емес екенін айтуымыз керек. Мұның салдарынан, тіршілік ырғақтарын бұзу арқылы — тіршілік иесінің тез шаршап-шалдығуын жеделдетеді екенбіз. Бұған, әсіресе 1-ден 3 класқа дейінгі балалардың организмдері шыдай алмайды. Осы жайында айтылған көптеген ғылыми еңбектерге көңіл аударсақ, бұл мәселені сонау өткен ғасырдың өзінде-ақ белгілі ғалымдар:Н.И. Банст, А. Байем, X. Инавс, Д. Бекл, А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман — жан-жақты зерттей отырып, нақтылы тұжырым жасағандары белгілі. Физиологиялық зандылықтарды ескермеумен жүргізілетін сабақтардың сапасы да нашар, балалардың ынта-жігерлерін де әлсіретіп, тіпті бірте-бірте оларды бейтараптық мінездерге үйретеді екен. Сондықтан, бастауыш кластардың сабақтары 35 минуттан аспауды өмірге әкелу, ғылыми жаңа көзқарас ретінде қаралғаны дұрыс. Осының бірден-бір дәлелі ретінде, гигиена ілімінің білгірі Р.Г.Сапожникова, өзінің көп жылғы зерттеулерін қортындылай келіп:«кез-келген сабақтардың соңғы 10—15 минуттары баланы қатты шаршататындықтан, оның тақырыпты пәрменді игеруі мен қабылдауын да өте әлсіретіп жібереді» деуінде үлкен шындық бар. Осыған орай, физиологА.Н. Кабанов: «сабақтардың уақыт мөлшерлерін қысқарту арқылы, ми қабаттарының тез сергіп, жаңа қуаттылыққа ауысуына жағдай жасалынып, оның қабілеті мен зейінін күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге аса жоғары деңгейдегі биоырғаққа жетілдіреді.» ‑ деп батыл тұжырымдар жасайды.
Міне, бүгінгі таңдағы халық педагогикасы мен оқу-ағарту жүйесінің ұлттық бағдарламасын қарап жатқан кезде, ең әуелі мектептерді басқарудың ғылыми негізде ұйымдастырылуын жетілдірумен қоса, күллі методологиялық әдістерді де қайта қараудың мезгілі жеткен мәселе деуімізге болады. Осындай ғылыми жүйеленген өзгеріссіз келешек ұрпақ тәрбиесіндегі оқу-ағарту жұмыстарын заманымызға лайықты етіп, алдағы уақыт талаптарынан көрінуіміз екіталай. Ендеше, ұрпақ тәрбиесіндегі ең негізгі мәселелерді іріктеп алуымыз керек. Біздің ойымызша мәселенің басты екі түрлі көріністері ерекше мән беруді талап етеді. Біріншісі—ешуақытта ғылми жүйеленіп дамымаған халық педагогикасын өз негіздерінде жетілдіріп, оның ф и з и о л о г и я-л ы қ кезеңдері — семья құруға дайындық және ұрық тазалығы — ана құрсағындары тоғыз ай — нәресте кезеңдегі бесіктің мәні және бесік жыры, ‑ балбөбек пен балабақша кезеңдері, бастауыш пен жалпы білім беретін мектептің маңызы, бойжеткен мен бозбала шақтың үндесе өркендеуін камтамасыз ету. Екіншісі—болашақ ұрпақ тәрбиелеушілердің өздері тәрбиелі де, жан-жақты білімді болуын қатаң түрде талап еткен жөн. Қашанда тәрбиешінің шын мәніндегі білімдарлығы, оның айтар ойының тазалығы мен дұрыстығын сақтайды. Ал, ой тазалығы, әмәнда, маржандай жарқыраған нұсқалық пен қысқалыққа жетелейді. Егер бастауыш кластардың сабақтарын 10 минутқа қысқартқан жағдайда, сөз жоқ, ұстаздардың кысқа да тұжырымды болулары ауадай қажет. Міне, сондықтан да жоғарыда ерекше бөліп аталынған екі түрлі мәселенің дұрыс жолға қойылуынан ұрпақ тәрбиесінің ғылыми негізделген жүйесі қалыптаспақ. Бұл көтеріліп отырған екі мәселе шынайы шешімін тапқанда, олар бірін-бірі байытып-ақ, адам бойындағы ізгіліктерді жетілдіре түсіп, қиялға сыймастай ғажайып жағдайларға жеткізер еді.
Жалпы адам баласының болмысындағы барлық қасиеттерді, оның физиологиялық мәнімен есептесе отырып жетілдіру, бұл нағыз ғылыми негізделген методология екенін ұғынып қана қоймай, бұдан былай осы бағытты бағдарға алғанда ғана тіршілігіміздегі көптеген керағарлықтан айығатын боламыз. Осы әдіс арқылы, тіпті адам психикасының небір қиын құбылыстарын ашумен қоса, оған пәрменді ықпал ете отырып жетілдіретін күннің де алыс еместігіне сенуге болады. Кейде, қаншама замандар өтсе де, адам тәрбиесіндегі кенжелеп отырған жақтары, осы физиологиялық кезеңдердің өзіне ғана тән әдістеріне жете мән бермегендіктен де болар дейтін ойлар келеді. Көбінесе, адам тәрбиесінің алғашқы ескі кезеңі мүлдем кағаберіс қалатындықтан, біз сол қисық біткен бұтақты түзетеміз деумен күніміз өтіп жүрген тәрізді. Олай болса, тәрбие жолы жаңа қиясына қанат қаққай, іске сәт!
Достарыңызбен бөлісу: |