Совет–Хан Єаббасов


). МАХМҰД ҚАШҚАРИ (ХІ ғасыр)



бет48/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   294
12). МАХМҰД ҚАШҚАРИ (ХІ ғасыр)

Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні – Махмұт ибн әл-Хұсейін ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласы.


Махмұттың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол түстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, граматикасын түзеп, жалпы түрікі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшіліеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.
Түркі жұртының бас тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түрікте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырға жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет