Совет–Хан Єаббасов


). ҚОЖА ‑ АХМЕТ ЯССАУИ (? – 1166)



бет47/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   294
11). ҚОЖА ‑ АХМЕТ ЯССАУИ (? – 1166)

Қожа Ахмет Яссауи (? – 1166 ж.) – қазақ хлқының байырғы мәдениетінің тарихында айырықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Яссы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері – қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд. әкесі Ибраһим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш.


Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат». Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығарылады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінге өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Ол насихаттарында айтқандай, өзі де бұл дүниенің қызығынан бас тартып, тәркі дүниеге салынады, о дүниенің мәңгілігін жырлайды. Осы бағытта оның жолын қуған шәкірттері көптеп саналады. Сүлеймен Бақырғани, Софы Алдияр, Ахсани секілді белгілі ақындар Қожа Ахмет Яссауйдің жолын қуып, софзмның жаршылары болады.
«Диуани Хикматан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Халық арасында Қожа Ахмет Яссауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Соның бірінде оның 63 жасқа келгеннен кейін, өзінің пайғамбар жасынан асып, мына жарық дүниені көруін асылық санап, жер астынан мекен жасатып, қалған ғұмырын қылуетте өткізеді делінеді.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Яссауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет