Совет–Хан Єаббасов



бет54/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   294
2. ТУЫСҚАНДЫҚ ДӘСТҮР

Қазақ елі - өзінің осы Ата дәстүрінің арқасында, басқа халықтардың туысқандық дәстүрлері – қарға адым болса былайша айтқанда, немерелерден аспай-ақ үйлене беретіндіктерін ескерсек, қазақтың жеті атасына дейінгі ұрпақтары – қандарын араластыруға болмайтын туыстары ретінде саналады. Олай болса, халқымыздың туысқандық дәстүрі – тікелей "жеті атаға дейін қыз алыспау" дәстүрінен шығып тұр. Осының бірден-бір дәлеліндей: - "Жеті атасын білген ұл - жеті ру елдің қамын ойлайды" - дейтін мақал өзінің құндылығын осы күнге дейін сақтап келді. Туысқандық дәстүрлерге жататын – Ата жұрт - Нағашы жұрт - Қайын жұрттардың да - жеті б у ы н ғ а дейін есептелетінін есте ұстаған жөн. Ендеше, анау бір күлкілі ә з і л д е айтылатын : ‑ "Ғарышқа ұшқан қазақ - Айдан да өзінің т у ы с ы н іздейді" - дейтін сөз бекер айтылмаса керек.




3. ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮР

Шаңырақ көтеріп, Семья құру - күллі а д а м з а т т ы қ дәстүр екені белгілі. Бірақ жер бетінде қаншама х а л ы қ болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама мол, алуан түрлі ерекшеліктерімен ауысып жататыны да өмір шындығы. Өйткені, әр х а л ы қ - өзінің с е м ь я қ ұ р у қуаныштарын - ата-баба дәстүрлеріне лайықтап, өзге жұртқа ұқсатпай өздерінше қызықтауға тырысады. Басқа жұртқа ұқсамаудың төркіні - олардың ғасырлар бойы қалыптастырған тұрмыс-салттарындағы ерекшеліктері мен өзіндік психологияларында жатса керек.


Қазақ халқы да ежелден келе жатқан дәстүрінің үлгісімен атап айтқанда "жеті атаға дейін қыз алыспау" салтына орай, құдандаласу жолымен шешуге тырысатыны анық. Бірақ, қазіргі өмір ағымдарына байланысты және ұзақ жылдар басқа елдің отарлауында болғандықтан, халқымыздың тәрбие-тағылымдарында аса ауыр өзгерістердің бар екендігін айтқан жөн. Олай болса, сол Ата д ә с т ү р л е р і м і з д і ң бүгінгі көріністері қандай? Олардың несі қалып, нендей өзгерістерге ұшырады?
Егер ағымыздан жарылып а д а л д ы ғ ы н айтатын болсақ, бодандықпен қалыптасып қалған жат дәстүрлердің үстемдік алып тұрғанын н е с і н е жасырамыз?! Тұрмысымызға орнығып алған - арақ ішіп, карта ойнау, шылым шегіп, наша тарту - тәрізді жексұрын қадеттер, тіпті онан басқа да, адамның ақыл-есі мен к і с і л і к тектеріне – қ ұ р т түсіретін құмарлықтардан да ұрпағымыз азып, халқымыздың генефоны тозып бара жатқанын ел болып ойланатын мезгіл жетті. Жаңағы сырттан келген дәстүрлердің әсерімен у л а н ы п дертке шалдыққан ұ р ы қ т а н ұрпағымыздың бір парасы – анасының құрсағында ө л і п жатса, екінші парасы - қол-аяқтары с а л болып, е с с і з күйі туып жатса, үшінші парасы - дені сау туды десек те, зерде мен зейіндері с а п а с ы з екені, бүгінгі өмір-тіршілігіміздің шындығы. Міне осындай, қазіргі с е м ь я салтындағы тікелей келешек ұрпағымызға байланысты мәселені сөз еткенде, тағы да сыңар езу біржақтылыққа ден қойып - жоғарыда айтылған а у ы р дерттерді тек сыртқы ортаның бұзылуынан ғана көру, айналамыздағы экологиялық лаңдардың әсері деу, тіпті де өмір шындығы емес?! Әрине, адам тіршілігіне экологиялық зардаптың әсері көп. Сөйтсе де, қазіргі асқынып тұрған ұрпағымыздың д е р т і – ең әуелі ұрық тазалығын сақтауға тырыспайтын, бүгінгі с е м ь я д а ғ ы халықтық дәстүріміздің бұзылуынан екені анық. Ал, жалпы халқымыздың т е г і н қадағалау тіпті арың ашынатындай тым қағаберістеу қалып, жүйелі түрде бүгінгі білім ошақтарында оқытылмайтыны бәрімізге де аян. Сондықтан да, бұл жайында тарата айтып, кеңірек толғануды жөн көрдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет