1. «ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҚЫЗ АЛЫСПАУ» ДЕГЕН НЕ?
Қазақ халқының Ата дәстүрі болып саналатын - "Жеті атаға дейін қыз алыспау" ‑ салтының, бүкіл д і л і м і з г е /менталитет/ тигізер әсері бөлек. Халқымыздың тәлімі мен тәрбиесінде ерекше орны бар. Ежелден келе жатқан ескі жұртымыз бұл дәстүрді, сонау Қорқыт пен Фараби замандарынан қалыптастыра бастаған екен. Ендеше, еліміз бұл дәстүрді ұстанғанына да о н е к і /12/ ғасырдай уақыт өтіпті. Сонда, осыншама ерекшелеп Ата дәстүрге балап отырған – бұл "жеті атаға дейін қыз алыспау" дәстүрінің құндылығы неде? Оның өміршеңдігін нендей қасиеттерімен түсіндіруге болады ?..
Осы сауалдарға ғылыми дәлелденген негіздерде жауап беру үшін ең әуелі салыстырмалы түрде, кешегі XIX ғасырдың бастапқы кезінде аса үлкен жаңалық ретінде танылған - Дарвинизм ілімін ‑ еске алуға тура келеді. Бұдан да анығырақ етіп айтқанда, осы і л і м н і ң ең ұлы жаңалығы болып табылатын - "табиғи сұрыптау" мен "Ата дәстүріміздің" тікелей тамырласып жатқанын ашып айтқан жөн. Оның үстіне, бұл дәстүр заты мен тегі басқа елдер түгіл, туыстас болып келетін Т ү р к і халықтарында да қолданылмайды екен.
Дарвиннің аты шулы "табиғи сұрыптау" дейтін Ұ л ы жаңалығын Қазақ халқы о н е к і ғасыр бұрын өзінің тіршілік салтындағы ең аяулы дәстүріне айналдырып үлгеріпті. Бұл не деген сөз? – десек, Адам баласы қазір - дәнді дақылдарды - малды қалай сұрыптауды, олардың тұқымдарын қайтіп асылдандыруды біледі, ‑ бірақ, ол өзінің болашақ ұрпағының табиғи сұрыпталуы тікелей осы "жеті атаға дейін қыз алыспау" салтымен байланысты екенін көп жағдайларда түсіне бермейді. Адамзат - әзірге өз т е г і н е өзі түкірумен келеді?! Міне, бұған таңданбасқа, таңырқай тұрып, ойланбасқа бола ма? Халқымыз осынау ұзақ жылдарда мың өліп, мың тіріле жүріп, Ата дәстүріне балаған бұл салтын көзінің қарашығындай сақтаумен қоса, еш бұлжытай ұстанғандығының да дәлелі көп. Мәселен, иісі қазақ жұртына белгілі Шәкәрімнің "Қалқаман – Мамыр" дастанының мазмұны да, осы дәстүрді бұзғандардың тағдыры болатын. Ұрпағының келешегі үшін халық бүгінгі аяулысына да, кешірім ете алмағанын баяндайды. Өйткені, тегіңді бұзар жамандықтан бетер, л а ң н ы ң жоқ екендігін олар түсінген тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |