Совет–Хан Єаббасов


Ой қалдырған да, тіршілік т ә л і м д е р і н тұжырымдама өрнегі



бет57/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   294
Ой қалдырған да, тіршілік т ә л і м д е р і н тұжырымдама
өрнегі. ретінде түйіп тастап отырған. Мұндай ой түйіндері
(3-ші таған) мақал-мәтелге де, не пәлсапалық ой толғауларға да ұқсамайтын болған. Тіпті кейбір елдер де, күрмеуі күрделі толғамды тұжырымдар айтыла да бермейді. Мысалы, өзге жұрттар да кездесе бермейтін тек қазақ халқының сөз саптауларында ғана айтылатын мынандай тұжырымдар бар. "Алып анадан – туады" немесе "Он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған", иә болмаса " Көз – қорқақ, қол –батыр", тағы да "Малым – жанымның садағасы, Жаным - арымның садағасы" – дейтін аса терең түйінді ұғымдарды айта берсе толып жатыр. Оның үстіне, осы тектес ой өрнектерін бір естісең – қайыра ұмытылмайтыны да, оның түйіп айтқан түсініктерінің өміршеңдіктерін байқатса керек. Ендеше, осынау айтылған тұжырымдардың ішкі мәніне ой жүгіртіп көрелік.
Мәселен, "Он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған" – дейтін тұжырымның мәні мен мазмұны нендей күрделі күрмеулерді меңзеп тұр? Халық даналығы ұрпағына не айтқысы келеді? Алайда, осы тұжырымның ішкі түйіндерін тарата шешіп, айтылмақшы ойдың логикалық жүйесін аша келе, оның меңзеп отырған құбылыстарына таңдай қағып таңырқамау тіпті де мүмкін емес. Мұндағы бейнелеп айтылатын - "бір тарының қауызы" – дегені, адам ұрығының дәні ғой. Шынында да, оның көлемі тарыдан кіші болмаса, тіпті де үлкен емес! Міне, осы ұрықтық клетка бірте-бірте дами жетіліп, ана құрсағындағы тоғыз айдың ішінде - бүкіл жер бетінде тіршілік өтетін - "он сегіз мың ғаламның" – түрі мен сипаттарын қайталап қана қоймай, оған кеткен 500 миллион жылды да тоғыз-ақ айға сыйдырып отыр. Бұл әрине, тек табиғат шебердің ғана қолынан келер құдірет екені белгілі. Ал осы тылсымның түйінін бір ауыз сөзге сыйдырып айтудың өзі де, ата-бабамыздың негізіне тартқан тектілігі емей не?!? Ары қарай өздеріңіз де тереңдете берулеріңізге болады.
Олай болса, осынау А н а құрсағындағы тоғыз а й адам ғұмырының ең ұзақ мерзімі болумен қоса, а д а м тәрбиесінің де – тегінен тарта т а м ы р алатын бастауының өзі екенін түсінетін уақыт жетті. Осы кезге дейін Мұны - ұрпақ тәрбиесінде ескермей келуіміз – ендігі жерде кешіруге келмейтін күнә екенін ашық айтқан жөн. Оның үстіне, бұл – ата-баба өсиеті ғой.
Ал, келесі сөз еткелі отырған екінші тұжырымдама тіпті, бүкіл бір халықтың әлеуметтік сипаты мен психологиясына ықпал еткенін толып жатқан өмірлік деректермен дәлелдеуге болады. Оны халық даналығы қысқаша - "Көз - қорқақ, қол - батыр" – деп, ұрпақтарына өсиет қалдырыпты. Өзінің өткен тарихтарында мың өліп мың тірілген Қазақ халқы, осы тұжырымды қаншама қайталады десеңізші ?! Тіпті, бет қаратпас замана дауылдарынан елімізді аман-есен алып шыққан да, осынау рухы биік ой өрнегінің құдіреті екенін алаштың әрбір азаматы біледі. Сөз орайына қарай айтсақ, Жандары қысылып тіршілігі тұйыққа тірелгенде: - "Ой-й бәле-е-ай, көз-қорқақ, қол – батыр емес пе еді" – деп қай қазақтың баласы айтпайды екен.
Осы тектес мысалды, бірақ өздерінше айтқан ой өрнегінің әсерін Қытай халқының ойшыл-демократы Сунь-Ят-Сеннің де еңбегінен кездестіреміз. Ол тікелей өзінің өмір тәжірибесінен келтіріп: - "Тіршілік айдынын да – адам психологиясымен шендесе де, теңдесе де алар күш жоқ! Әсіресе, психиканың қатпарларына сіңісіп кеткен - тұжырымдар, бүкіл бір халықтың жігері мен еркін билеумен қоса, оны өз дегеніне көндірмей қоймайды екен. Мысалы, Қытай халқының психологиясына сіңген - "Ұғу - оңай, істеу - қиын" – дейтін Конфуссидің тұжырымдамасымен ондаған жылдар бойы үзіліссіз күрес жүргізуге тура келді. Тіпті, бұл тұжырымды партиямыздың бағдарламасына керісінше жазып - "Ұғу - қиын, істеу - оңай" – деп ғылыми негіздермен дәлелдеп, ұзақ уақыт үгіт жүргізілді. Себебі, ескі тұжырымға бой алдырып қалған жұрт, нақтылы іс-әрекеттерге бірден кірісіп кете алмай, жаңа іске тайсақтай беретінін көзімізбен көрдік. Сондықтан да, бұл жайында оларға түсіндіргенде, көбінесе тұрмыста кездесетін қарапайым мысалдарға жүгінуге мәжбүр болдық. Мәселен, нанның құрамында не бар екенін білмесек те, оны ойланбай-ақ жей беретіндігімізді түсіндірдік. Міне, осындай дәлелдермен – керісінше айтылған жаңа тұжырымдаманы өмірге енгізуге әрекеттендік. Халық санасындағы ескі өсиетнамалардың қуат-күші осындай" – деп ойын қорытындылайды. /Сунь-Ятсен, Избр.произ., М. 1985/.
Халықтың т е г і мен д і л і н анықтауға көмектесетін ‑


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет