Совет–Хан Єаббасов



бет55/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ә) ХАЛЫҚТЫҢ ТЕГІ
Жұмыр жердің үстінде тіршілік ететін неше мыңдаған халық бар. Солардың барлығы да, өздерінің т е г і н білуге халықтық генефонын қалыптастыратын, табиғи күш-қуаттың негізін түсінуге тырысады. Өйткені, өз тегінің қайнар көзін білген халық қана ­ өмір-тіршілігіндегі қиыншылықтардан жасқанбай, теңдесі жоқ аса күрделі мақсаттарға қол соза алады. Ендеше, кез-келген халықтың тегін қалай анықтауға болады? Жалпы, халықтық тек дегеніміз не? Бұл мақсатты орындау үшін ең әуелі, кез-келген халықтың ү ш т а ғ а н қасиеттерін білген жөн. Олар :
1. Халықтың – А т а д ә с т ү р і.
2. Халықтың – С ө з ө н е р і.
3. Халықтың – Ой өрнектері.
Міне, осындай ү ш т а ғ а н қасиеттерін ажырата анықтап алғаннан кейін ғана, сол зерделей зерттеп отырған халықтың тегіне сыналай суыртпақтап, ой жүгіртуге мүмкіндік туады. Өйткені, халықтық т е к бүкіл адамзат қауымының да, іштей түлейтін қуаттарының қайнар көзі болып табылады. Ал енді, әңгіменің арқауын нақты деректермен дәлелдеп, өз халқымыздың т е к т і к сипаттарына бұрсақ, ең әуелі б і р і н ш і т а ғ а н жайына аз-кем тоқталудан бастамақпыз.
Бұл жайында жоғарыда бірсыпыра сөз қозғаған едік
Ата дәстүр. (1-ші Таған) Енді соған сілтеме жасай отырып, соңғы
ғасырлардағы отарлау саясатының теріс ықпалдарына тоқталу қажет сияқты. Әсіресе, кешегі д і н і м і з д е н бездіріп д і л і м і з д і тоздыруға айналған - "қызыл империя" – өзінің мақсатты идеологиясымен, жұртымыздың ерекшеліктерін түп-тамырымен құртып жіберуге аз-ақ қалған еді. Бұл а п а т т а н құтқарған - сол империяның іштей ыдырап қ ұ л а у ы болатын. Біздің Ата дәстүріміз - "жеті атаға дейін қыз алыспау" – адам баласының тегін асылдандырар қ ұ б ы л ы с екенін б і л е т ұ р а, мектептерде дарвинизм ілімін жан-жақты талдай жүргізіп жатса да, одан 12-ғасырдай бұрын бір халықтың дәстүріне айналып тұрмысына сіңген, осынау аса маңызды ғылыми жаңалықтың табиғи мысалын ашып-жарып айтуға дәттері шыдамады. Өйткені, бұл ‑ дүниені дүр сілкіндірген жаңа ғ ы л ы м ?!. Генетика ілімінің де, алтын қазығы болып саналатын адамдық т е к т і асылдандыратын қ ұ д і р е т еді. Сондықтан да, біздер бұл қ ұ б ы л ы с т ы халықтың т е г і н анықтайтын ең негізгі т а ғ а н ретінде ұсынып отырмыз. Оның мысалдарын - Биология - Зоология - Ботаника - пәндерінен көптеп келтіруге болады. Оны оқушылардың өздеріне тапсырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет