§ 2. ҰРЫҚ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢМӘНІН ТҮСІНУ
"Шындықтың көбінесе қарапайым
болатындығы сонша, тіпті оған жұрт –
алғашында сене де бермейді".
Ф. ЛЕВАЛЬД.
Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші н е г і з і болып саналатын, Семья құруға дайындалу кезеңіңде ерекше көңіл аударатын мәселе, бұл – осы кезге дейін ескерілмей де, тіпті айтылмай да келген ұрық тазалығын сақтаудың м ә н і жайындағы түсінік. Әрине, бұл мәселені – адамзат қауымы білмей отыр дейсіз бе?.. Білгенде қандай ?!
Әйтпесе, адам баласы - өзі өсіріп отырған өсімдіктердің дәнін сұрыптап, бағып жүрген малдарының тұқымдарын асылдандырар ма еді? Міне, бұл – тіршіліктің тұтқасы ұрығында екенін түсінгендік емей немене? Сөйте тұра, адам өз ұрпағының келешегі тікелей ұрық тазалығында екенін білмейді деуге, тіпті де ауыз бармайды. Әзірше, олар өз ұрпағын асылдандырмақ түгіл, ұрығының тазалығын сақтауға да тырыспайды. Қазіргі адам ағзасының азуымен ‑ Жан мен Тәннің тозуын - тек айналадағы ортаның бұзылуынан ғана десек, онда жыл өткен сайын әлсіреп бара жатқан ұрпағымыздың жағдайын түсіну қиынға соғар еді. Олай болса, адам тәрбиесіне мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқарас керек. Ұсынылып отырған жаңа көзқарасты, тек Халық педагогикасы мен психологиясының негіздерінде ғана дамытуға болатынын ерекше қадап айтпақпыз.
Жалпы, ұрық тазалығын сақтау – жер бетіндегі күллі тіршілік иелері үшін – бұлжытпай орындалуға тиісті, табиғаттың тұрақты заңдылығы болып табылады. Сондықтан да, табиғат қойнауында тіршілік ететін барлық жан-жануарлар ұрпақ өрбітер алдында, міндетті түрде өздерінің бойларындағы арам терлері мен артық майларынан арылып қана қоймай, айдан аса уақыт қаншардай қатып жарайды. Олар судың тұнығымен ғана – аузын шайлап, шөптің асылымен ғана – тіршілік талғауын жасайды. Осылайша, жылма-жыл мерзімді уақыттары келген де қабағат үлкен жігермен болашақ ұрпағының қуаты мен саулығы үшін – еш мүлтіксіз орындалатын ұрық тазалығының қамына кіріседі. Ал сүтқоректілер әулетінің төменгі сатысында тұрған, Құстар әлемінің ұрық тазалығын сақтауды табиғат шебер өз міндетіне алған. Сондықтан да олар - Көктемде бір ай бойы ұшып жеткен де немесе Күзде – осыншама мерзім жүріп жылы жаққа қайтқанда, олар да артық майы мен арам терінен арылып, бір аптадай тыныққаннан кейін-ақ, ұя салып ұрпақ өрбіту қамдарына кіріседі.
Мінеки, жер бетіндегі тіршілік иелерінің барлығына да ортақ бірдей міндеттелетін табиғаттың алтын заңын - тек адам баласы ғана орындамайды екен. Өйткені, оның әуелбастан-ақ тәрбиесімен тәлімінде бірте-бірте қалыптасқан өз нәпсісін тежей алмайтын құмарлық пен өзімшілдікке бой алдырған. Сөйтіп, адам баласы құмарлықтың құлына айналып арақ – темекі - нашаға салынумен ұрығын дертке шалдықтырып – ұрпағын аздырып отырса, өрекпіген өзімшілдігімен - өмірінің өзегін өртеп, күйкі тірлік кешуде. Әрине, көптен бері халықтық тағылымы мен тәлімінен қол үзіп қалған жұртымыз, сырттан енген әдеттерге бой алдырып ұрпағының саулығы ұрық тазалығында екенін ескермеуден, қазіргі кезде у ішкендей болып отыр. Сондықтан да, жасөспірімдер арасындағы қаптап кеткен қасіреттерге жүрдім-бардым қарауды тоқтату қажет. Егер де ұрпағыңды аздырып кісілігіңді тоздырып отырған, кеселдің сырын білмегенде сөз басқа, ал енді ақ-қарасын ажыратып берген соң, имандылық жолына бет бұрмауға бола ма? Қашанға дейін өз ұрпағымыздың алдында - күнәкәр болып жүре бермекпіз?! Қалың елім, ата-бабаң мұра еткен тегің жақсы еді ғой, - сәл сабырға кеп ойланыңыздар шы ?
Әйтпесе, қазіргідей семья құруға дайындық дегенді, той өткізу деп қана түсінетіндіктен, тек арақ-шарап пен ішіп-жейтін тағамдардың мол болуын ғана қарастыру ізгілікті іс емес?! Ал, адамдық қасиетіңді сақтар халықтың тегі мен ұрпақ қамына көңіл аудармау, мүлдем болашақтың тамырына балта шабу деген сөз.
Ендеше, үйлену тойының рухани мәнінен гөрі оның даурықпалы тәлімі, арақ-шарапты суша сіміретін бодандық психологиясы - ата-баба дәстүрлеріне жат екенін ескеретін уақыт жетті. Дастархан басындағы ақиланып алған адамның сөзінде не қадір бар?! Оның іс-әрекетінен пәтуа күтуге бола ма? Осылайша, бір-бірімізді өтірік мадақтаудан ұялсақ етті. Мінеки, ата-баба дәстүрлерін сыртқа тептіріп, құлдық психологияның қалдырып кеткен салттары осы?! Жеткізген жері – ұрығынан азып туған әлсіз ұрпақ! Сонда, ертеңін ойлайтын Ел үшін – осы да қызық болып па?! Жасалынып отырған ақ тілеудің мәні неде? Ұрпағыңа үлгі етер парасаты қайсы? Тіпті, бұлар жайында шаруамыз да жоқ тәрізді. Әйтседе, тап осыдан қасірет тартпай отырған ата-ана да, сергелдеңге түспей жүрген жастарымыз да аз емес.
Әрине, той болған соң – ақ тілеу айту парыз, үлкендердің батасын алу шарт?! Бірақ, осы тілек пен батаны арақсыз айтсақ, тіліміз күрмеліп қалатын қадетке тап болдық. Ендеше, өмір салтымызға сырттан енген осы "дәстүріміздің" азабы мен жауабы қандай екен?.. Егер ғылыми дәлелдерге сүйенсек: - "Арақтағы - алькогол, шылымдағы – наркотикалық заттар ағзаға түсісімен-ақ бірден жиналатын жері ми клеткалары мен ұрық бездері болып табылады. Онда жәй жиналып қана қоймайды, олардың қызметтерін әлсіретіп уландырады. Ең қиыны, арақтың 100-ақ грамы еркектің ағзасынан жеті күн дегенде, ал әйелдің денесінен жиырма сегіз күн дегенде - ғана тазарады екен" – деп ғылыми тәжірибеден өткен тұжырымдарды ұсынады. /В.МЕЗЕНЦЕВ. Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы, А. 1986./.
Мінеки, той үстінде арақты қызғандарынша ішетін екі жасты пәктігімен күтіп тұрған ақ төсектің арты, қасіреті мен сорын арқалап – уланып туған ұрпақ екені – айтпаса да түсінікті ғой. Ендеше, қауым болып қателесіп жүрген жайсыз қадетімізден тыйылғанымыз жөн. Өйткені, тіршілік заңдары – аса қатал?! Оны бұзғандар, түбінде бір зардабын тартпай қоймайды. Бүгінгі күллі адамзат қауымдарының тартып отырған азаптары да сол, табиғат заңдарын елегісі келмеген пәндешіліктерінен туындап жатыр. Соңғы жылдарда ұрығынан уланудың асқынғандығы соншама, тіпті ана құрсағының өзінде-ақ өлі туып жатса, бірсыпырасы ақыл-ессіз сал болып, шала-жансар күймен азап тартуда?! Оларға мұндай тағдыр сыйлаған – ұрпақ қамын ойламайтын Ата-аналары екені шындық. Бірақ, ол да - өмірге аздырып әкелген нәрестесінің зауалын тартпай қоймайды. Ең ауыры, дұрыс туды дегендерінің өздері де, зейіндері әлсіз зерделері таяз, дебилдік сипатпен өмірге келіп жатқаны бәрімізге де аян. Олай болса, өзгеге әсер ете алмасаң та, өзімізге – бұл індеттен құтылудың бір-ақ қана жолы бар! Ол – халық педагогикасының негіздерін де, ұрпақ тәрбиесіне - мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқарасқа көшуді жеделдетуіміз керек. Бұл мәселе – тек мемлекеттік қана емес, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін түсінуымыз шарт. Ел болып еңсемізді көтеретін іс?! Сонда ғана, тек халықтың рухани күшімен жоғалтқанымызды тауып, ата-баба дәстүрінен айнып ұмытқандарымызды есімізге түсіреміз. Өмір тіршілігі жаңаша мазмұнмен адамдық асыл қасиеттеріміздің ажарын ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |