Жалпы қазақ, орыс тілдеріңде буынға байланысты ұқсастықтар көп, олар мынадай:
Екі тілде де дыбыстық құрамы жағынан сөз бір буынды және көп буынды болып бөлінеді: бұлт, друг; ба-ла-лар,
Екі тілде де буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы және оның саны біреуден артық болмауы керек: ә-же, пес-ня.
Бір дауысты фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді. Мысалы: ма-га-зин, ар- ман т.б.
Буында мағына болмайды, бірақ кейбір сөздердің эрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге сәйкес келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға, ел-ші-лер-ді, т.б.
Екі тілде де буынның жылысуы кездеседі. Мысалы: стол – сто-ла, aт - а-ты, жоқ - жо-ғал-ды, т.б.