Современные педагогические технологии как одно из необходимых условий повышения мотивации к учению



бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#23799
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Контрастивтік фонология (1)

Редукция дегеніміз - екпінсіз буындағы дауысты дыбыстың сандық және сапалық жағынан өзгертіліп айтылуы. Дауыстылардың редукциясы, өзгертіліп айтылуы, екпін түсіп түрған буынға дейінгі позициясына, яғни тұрған орнына байланысты. Осыған орай редукция әр деңгейлі болып бөлінеді. Мысалы, екпін түсіп тұрған буынның алдында тұрган дауыстының өзгеруі әлсіздеу болады. Бұл редукцияның бірінші позициясы деп аталады. Ал бірінші, екінші позицияда, яғни екпін түсіп тұрған буыннан алыстау тұрған дауысты дыбыс қатты өзгеріске ұшырайды. Бұл редукцияның екінші позициясы.
    • Дауыссыз фонемалардың 2 түрлі алмасуы болады: тарихи және функционалды. Тарихи алмасу дегеніміз - дыбыстардың морфемалардағы дәстүрлі алмасуы. Мысалы: семіз - семір, сұрақ - сұрау, құрақ - құрау; друг - друзья - дружба, круг - кружок т.б.
    • Функционалды алмасу - дауыссыз фонемалардың комбинаторлық және позициялық алмасуы (редукция құбылысы).
    • Комбинаторлық алмасу - фонемалардың бір-біріне ықпалы. Буынның үш түрі кездеседі: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.
    • Аккомодация - дыбыстардың бейімделуі, морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.
    • Орыс тілінде дауыссыздардың дауыстыларға ықпалы күшті. Мысалы: играть - сыграть т.б. Қазақ тілінде көбінесе дауыстылар дауыссыздарға ықпал етіп, өзіне бейімдеп тұрады, яғни дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуына дауыстылар ықпал етеді. Мысалы: болу - бөлу, ол - ел, т.б,
    • Дауыссыздар да дауыстыларға азды-көпті әсер етеді, бірақ оларды өзгертуге шамасы келе бермейді. Мысалы: қал - кел, мағына - игеру, т.б., яғни

      Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет