Орыс тіліндегі екпіннің тағы бір үлкен айырмашылығы - ол сөз мағынасын ажыратудағы қызметі. Мысалы: мука- ұн, му-ка - азап. Орыс тілінде екпін грамматикалық мағынаны ажыратуға да ықпалын тигізеді. Мысалы: воды (жекеше түрі, I. с.), воды (көпше түрі; А. с.).
Сөйтіп, орыс тілінде екпін лексика-морфологиялық (грамматикалық) қызмет атқарса, қазақ тіліндегі екпін екі түрлі қызмет атқарады: сөзді аяқтайды және сөйлем ішінде сөздердің жігін ажыратады, яғни екпін тілімізде лексика- синтаксистік қызмет атқарады.
Фонемалардың алмасуы (Чередование звуков).
Тілде фонемалардың 2 түрлі өзгерісі бар:
1. Модификация.
2. Модуляция.
Модификация дегеніміз - фонема түрінің өзгеруі. Ал, дауыссыз дыбыстардың алмасуы модуляция деп аталады.
Модификациялық өзгеріс барысында орыс тілінде дауысты дыбыстар редукцияға ұшырайды.