Сөз сөйлем, дыбыс, әріп


Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері



бет10/11
Дата29.10.2023
өлшемі30,62 Kb.
#121173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.


Сөйлем мүшесі дара сөзден де күрделі сөзден де жасала
береді. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз. Мысалы: Шығыстан жел соқты.


Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің күрделі мүшесі дейміз.


Мысалы: Шығыстан жел соға бастады.


    1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.


Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Мысалы: Дүкеннен нан, шай,май, кәмпит әкелді.


    1. Қыстырма сөз.


Өздері сөйлем мүшесі болмайтын,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейді.
Мысалы: Әйтеуір кешікпесеңдер болды.
Қыстырма сөздер бір сөзден де бірнеше сөзден де жасала береді.
Мысалы: бәсе,сірә, әуелі,т.б.
Амал қанша, өкінішке орай т.б.
Ұмытып барады екен, неге екенін кім білсін.т.б
    1. Күрделі сөздер.


Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. Мысалы: Сарыарқа, бозторғай, ауыл-аймақ, темір жол, көлбақа, Нүргүл, т.б
    1. Біріккен сөздер.


Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөздерді біріккен сөз деп атайды.

Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.


Мысалы: көкқұтан, итмұрын, Алатау, Айдос.



    1. Қос сөздер. Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің

арасына дефис (-) қойылады: қора-қора, бүгін-ертең, әке- шеше, ар-ұят.т.б.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет