Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар койылады.
Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
Кісінің аты –жөні, жер –су аттары, үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Серік, Айгүл, Астана, Шардара, Мойнақ.
Етістік.
Заттардың қимылын іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады. т.б
15.Сынесім.
Заттың түрін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Оларға Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: тәтті, жақсы, биік, арзан, т.б
Санесім.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан
есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бес, алтыншы, жеті, т.б
Сөйлем.Хабарлысөйлем.
Сөйлемдегі сөздер бір –бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.
Сөйлемнің үш түрі бар:
Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді Хабарлы сөйлем деп айтамыз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
Мысалы: Оқушылар мектепке келді.
Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Мысалы: Сен сабақтан қалдың ба?
ЛептіСөйлем.
Адамның көңіл-күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.
Мысалы: Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Мына гүлдің иісін –ай!