Сөз сөйлем, дыбыс, әріп



бет7/11
Дата29.10.2023
өлшемі30,62 Kb.
#121173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жалқы есім.


Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға
қойылған аттаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім әр уақытта бас әріппен жазылады.
Мысалы: Сәуле, Асқар, Шымкент, Көксерек.

61. Жалпы есім.


Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім болады. Олар кіші әріппен жазылады.
Мысалы: қазан, гүл, ұста, үстел, т.б.
  1. Зат есімнің тәуелденуі.


Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.
Тәуелдік жалғаулары үш жақта жекеше және көпше түрде айтылады.
Жекеше көпше
Менің дәптерім Біздің дәптеріміз
Сенің дәптерің Сендердің дәптерлерің
Сіздің дәптеріңіз Сіздердің дәптерлеріңіз
Оның дәптері олардың дәптерлері


  1. Зат есімнің септелуі.


Сөйлемдегі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп аталады.

Қазақ тілінде 7 септік бар:


Атау септік Кім? Не? ұста.

Ілік септік Кімнің ? Ненің? ұстаның Барыс септік Кімге? Неге? ұстаға


Табыс септік Кімді? Нені? ұстаны Жатыс септік Кімде? Неде? ұстада Шығыс септік Кімнен? Неден? ұстадан Көмектес септік Кіммен? Немен? ұстамен 64. Зат есімнің жіктелуі.
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ жақта жіктік жалғанады.
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше, түрде жалғанады.
Жекеше: Көпше.

І-жақ бишімін бишіміз


ІІ-жақ бишісің бишісіңдер

ІІІ- жақ биші биші


  1. Етістік. Негізгі және туынды етістік.

Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз: Мысалы: оқы, көр, т. б.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейміз.
Мысалы: шегеле, ақылдас, өрнекте, сабында, т. б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет