Сөз сөйлем, дыбыс, әріп



бет6/11
Дата29.10.2023
өлшемі30,62 Kb.
#121173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ереже даптер (1)

Сөйлем мүшелері.


Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағаналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Кім? Немен? Не істеді? Мысалы: Айдын бормен жазды.
  1. Бастауыш. (Тұрлаулы мүше)


Кім? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Мысалы: Сәуле тоқыды.
  1. Баяндауыш. (Тұрлаулы мүше)


Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға қойылады. Мысалы: Сара жазды.

  1. Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін (-) қойылады. Мысалы: Әмір- күйші, Алматы –сәулетті қала.

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.


  1. Тұрлаусыз мүшелер.

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін, тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Оларға: қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.
  1. Сөйлем мүшелері маңынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.


  2. Жалаң және жайылма сөйлем.

Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Әсет оқыды.
Тұралаулы мүшелерден басқа тұралаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалы: Әсет жақсы оқыды.
  1. Қаратпа сөз.


Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді.
Мысалы: -Ия, балам, оқып жүрсің бе?
  1. Сөз таптары: Зат есім. Етістік, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Үстеу, Шылау, Одағай.





  1. Зат есім: Негізгі және туынды зат есім.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
Мысалы: Ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы: Іскер, байлық, кезекші, т.б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет