Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.
Мысалы: көк, күріш, т.б.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Мысалы: көкшіл, күріштің.
Жұрнақпен жалғау.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Мысалы: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: жұмыс -жұмыста, ойын - ойынға.
Түбірге жұрнақ та жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады.
Мысалы: күріш-ші-ге, жыр-шы-лар.
Туындысөз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: Ерулік, татулық, ақылды.
Түбірлессөздер.
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп аталады.
Мысалы: ойын, ойыншық, ойна.
Су, сусын, сулық, сушы, т.б.
Қосымша жалғағанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Мысалы: доп-добы, халық- халқы, сеп-сеуіп.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Мысалы: жұмысшы-да.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Мысалы: Суретш-ші-лер.
Э дыбысы – дауысты дыбыс: Эфир
В дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді.
Мысалы: вокзал, автобус, паравоз.
Ф дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді.
Мысалы: фабрика, телефон, телеграф.
Ч, Щ дыбыстары – қатаң дауыссыз дыбыстар.