Сөйлем мүшесі дара сөзден де күрделі сөзден де жасала
береді. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз. Мысалы: Шығыстан жел соқты.
Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің күрделі мүшесі дейміз.
Мысалы: Шығыстан жел соғабастады.
Сөйлемніңбірыңғаймүшелері.
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Мысалы: Дүкеннен нан, шай,май, кәмпит әкелді.
Қыстырмасөз.
Өздері сөйлем мүшесі болмайтын,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейді.
Мысалы: Әйтеуір кешікпесеңдер болды.
Қыстырма сөздер бір сөзден де бірнеше сөзден де жасала береді.
Мысалы: бәсе,сірә, әуелі,т.б.
Амал қанша, өкінішке орай т.б.
Ұмытып барады екен, неге екенін кім білсін.т.б
Күрделісөздер.
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. Мысалы: Сарыарқа, бозторғай, ауыл-аймақ, темір жол, көлбақа, Нүргүл, т.б
Біріккенсөздер.
Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөздерді біріккен сөз деп атайды.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалы: көкқұтан, итмұрын, Алатау, Айдос.
Қоссөздер. Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің
арасына дефис (-) қойылады: қора-қора, бүгін-ертең, әке- шеше, ар-ұят.т.б.