Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға
қойылған аттаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім әр уақытта бас әріппен жазылады.
Мысалы: Сәуле, Асқар, Шымкент, Көксерек.
61.Жалпыесім.
Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім болады. Олар кіші әріппен жазылады.
Мысалы: қазан, гүл, ұста, үстел, т.б.
Зат есімніңтәуелденуі.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.
Тәуелдік жалғаулары үш жақта жекеше және көпше түрде айтылады.
Жекеше көпше
Менің дәптерім Біздің дәптеріміз
Сенің дәптерің Сендердің дәптерлерің
Сіздің дәптеріңіз Сіздердің дәптерлеріңіз
Оның дәптері олардың дәптерлері
Затесімніңсептелуі.
Сөйлемдегі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп аталады.
Табыссептік Кімді? Нені? ұстаныЖатыссептік Кімде? Неде? ұстадаШығыссептік Кімнен? Неден? ұстаданКөмектессептік Кіммен? Немен? ұстамен64.Затесімніңжіктелуі. Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ жақта жіктік жалғанады.
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше, түрде жалғанады.
Жекеше: Көпше.
І-жақ бишімін бишіміз
ІІ-жақ бишісің бишісіңдер
ІІІ- жақ биші биші
Етістік.Негізгіжәнетуындыетістік.
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз: Мысалы: оқы, көр, т. б.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейміз.
Мысалы: шегеле, ақылдас, өрнекте, сабында, т. б.