Сөз сөйлем, дыбыс, әріп.
Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз,
әріптерді көреміз, жазамыз.
Сөйлем сөздерден құралады.
Сөйлемдегі сөзедер бір-бірінен бөлек жазылады. Аяқталған ойды білдіреді.
Мысалы: Бидай жайқалып тұр. Мереке құтты болсын!
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте қойылады (.,?.!) қойылады.
Дауысты дыбыс әріптер: а,ә,е,о,ү,ұ,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э,ө Дауыссыз дыбыстар әріптер:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у),
Алфавит.
Қазақ алфавитінде 42 әріп және екі таңба бар.
Алфавитте әріп аты аталып, орын реті белгіленеді.
4. Жуан дауыстылыр: а, о, ы, ұ.
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү.
Жұп дауыстылар: а - ә, о – ө, ы – і, ү – ұ.
Буын
Сөзде
қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: мысалы: ат, а –та, ба –ла- лар.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: Қозы, лақ, т.б
Сөздегі
дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: өзен, күрек, т.б
й, ң, у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады: қа-йық, та –уық, жа –ңа.
Тасымал.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.
Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша (дефис) қойылады. Мысалы:қар- лы –ғаш, қарлы- ғаш т.б
Тасымалдауға болмайтын сөздер: от, сүт,қант, о –рақ, ө –зен.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: Дала, домбыра.