КЕЙБІР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ “ОҚЫТУШЫНЫҢ БЕДЕЛДІ БОЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ” ... Менің ойымша, ең алдымен оқытушы өз оқушыларының алдында беделді және үлгі көрсетуші адам болу керек. Мұнсыз оқушыларды дұрыс тәрбиелеу мақсатына жету қиын, тіпті мүмкін емес дер едім... Менің ойымша, біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек. Екіншіден, оқытушы қоғамшыл, қоғам ждұмысына белсене қатысып отыратын адам болуы керек. Үшіншіден, оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет. Төртіншіден, оқытушы өзі сабақ беретін пәндә толық меңгерген, сонымен бірге, ғыламның әр саласынан көп хабары бар жан жақты білімі бар мәдениетті болуы қажет. Бесіншіден, ол өзінің әрбәр оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушылырды жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет. Алтыншыдан, оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұқтажына ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс. Жетіншіден, оқытушысы өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оқушыларды жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен үқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілігі арқылы орындатып отыратын адам болу керек. Сегізіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны балаладың, оқушының тәртіпті болуын жақсы тәлім тәрбиелі және саналы болуын көздеп жүргізетін адам болуы қажет. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу «Баланы жастан...» - дейді қазақ мақалы, өте дұрыс айтылған мақал. Баланы мәдениеттілікке, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, оның ата анасының да, мектептің де ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бала үйде де, түзде де, мектепте де, жол үстінде де, кинотеатрларда да, мейлінше мәдениетті, мейлінше әдепті, мейлінше сыпайы болуы керек. Балаларды жас басынан әдепті, таза, ұқыпты, мейірімді, отаншыл, ұжымшыл етіп баулу – оларды адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Ол жас ұрпақтың биік адамгершілік рухында тәрбиеленуі, демек, жас ұрпақтың, әр баланың кішкене күнінен бастап, әуелі адамды қадірлейтін, адамды сыйлайтын болып өсуі. Кішіпейілділік, сыпайылық, адамға деген мейірімділік, адамды құрметтеу, адамдардың айтқанына көңіл қою, тыңдау, керек болған жағдайда қолдан келген қадірінше адамға көмектесу – мәдениеттіліктің басты бір белгісі болып табылады. Бірақ, кейде балалардың, жастардың арасында, тіпті кейбір үлкен адамдардың арасында да, өте тұрпайы, ерсі сөздерді айтып тұрған балаларды, тіпті үлкен адамдарды да кездестіріп қала бересінің. Мұның өзі көп реттерде баланың үйдегі тәрбиесінің кемдігінен болады.