Спандияр Көбеев Орындаған: Дүйсенова Ләззат



бет6/9
Дата16.11.2023
өлшемі3,37 Mb.
#124229
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Спандияр Көбеев шығармашылығы туралы

ұзақ уақыт жаза алмады.
50 ЖЫЛ ПЕДАГОГТІК ҚЫЗМЕТТЕ
(«Социалистік Қазақстан» газет 1953 жылы 29 желтоқсан.)
С.Көбеев 1878 жылы Торғай облысы, қостанай уезі, Обаған болысының №3 ауылын- дағы кедей отбасында туылды. С.Көбеев 9 жасында жергілікті байлардың қарсылы- ғына қарамай ауылдық орыс- қазақ мектептердің біріне оқуға түседі. Бұл мектепті сол кезде Торғай облысында қазақ мектептерінің инспекторы болған, қазақтың аса көрнек- ті ағартушысы, ақыны және педагогы Ы.Алтынсарин ұйымдастырған болатын. Бұл тамаша адамның ақылы кеңесімен талапты жас ең алдымен ауыл мектебін, одан кейін Қостанай қаласындағы бір, екі сыныптық орыс, қазақ мектебін ойдағыдай бітіріп қазақ мектептері үшін мұғалім даярлайтын педагогикалық сыныпқа оқуға түседі. 1901 жылы С.Көбеев ауыл мұғалімі дәрежесін алады.
Өзінің мұғалімдік қызметін с.көбеев ең шалғай жатқан қиыр түкпірде – Ырғыз уезінің Торгай ауылдық мектебінде бастайды. Мәне содан бері балаларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты оның қажырлы, жемісті еңбегі тек ауылда ғана өтіп келеді.
Патша режимі мен қазақ байларының үстемдік билігі жағдайында С.Көбеев көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Ол кезде оқулықтарда, дәптерлерде және басқа оқу құралдары да жетіспейтін. Қызметінің алғашқы кезінде жас мұғалім байлар мен мұсылман дін иелерінің дұшпандық көзқарастарына душар болды. Ол қараңғылық пен надандықты уағыздаушыларға қарсы батылдықпен аяусыз күрес жүргізді. Өзінің ұстазы
Ы.Алтынсариннен үлгі ала отырып, С.Көбеев ұлы орыс жазушылары Крыловтың,
Пушкиннің, Некрасовтың, Гогольдің шығармаларын асқан ықыласпен оқып, үйренеді.
Ол кезде ол жергілікті байлар мен дін иелерін өлтіре мінеу, әжуәлау үшін Крыловтың
сатиралық мысалдарын аударды. Крыловтың С.Көбеев аударған мысалдары ауызша
тез тарады. С.Көбеевтің әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына және
нығаюына 1905 жылы революция зор әсер етті.
С. Көбеев жұмыс кабинетінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет