Балаларды оқуға ынталандыру тәрбиесі туралы Кім де болса, өз баласының үздік оқушы болуын жақсы көреді. Бұл заңды да, солай болуға тиісті де. Бірақ балалардың бәрі бірдей үздік оқушы бола бермейді, тіпті өте нашар оқитын, бір сыныпта екі жыл отыратын бала да болады. Осындай нашар оқитын балалардың ата анасы, көп реттерде балаларының артта қалуын не мұғалімнен көреді, не баланың өзінен көреді. Баланың жақсы оқуын оның оқуға деген ынтасына байланысты екенін олар ескермейді. Бала неғұрлым оқуға ынталы болса, соғырлым оқуды да жақсы оқиды. Бірақ кейбір ата - ана: Менің балам мектепке бармасиан бұрын пысық, айтқанды тез аңғаратын бала еді, мектепке барғаннан бері “кері кетті” - деп мектепті кінәлайды. Ал, бағзы бір ата - ана баласының жақсы оқи алмағандығын оның “жаратылысынан қабілетсіз, зейінсіз туғандығынан” көреді. Мұндай ата аналар әдетте: Меңіре, кеще, айтқанды ұқпайды, - деп баланың еңсесін түсіріп, тауын шағып, мүлдем жасытып жібереді. Мұндай ата - аналар баланың нашар оқуына өздері де кінәлі екендігін аңғармайды. Біз әлгінде баланың жақсы оқуы оның оқуға деген ынтасына байланысты дедік. Дегенмен, баланың оқуға ынталы болуы оның оқу жасына дейінгі үйдегі тәрбиесіне де байланысты. С.Көбейұлының мұғалімге қояр талап ойлары: 1. Оқытушы теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болу керек. 2. Оқытушы қоғамшыл, қоғам жұмысына белсене қатысып отыратын адам болуы керек. 3. Оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында қажымай, талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет. 4. Оқытушы өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сондай-ақ ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімді, мәдениетті болуы шарт. 5. Оқытушы әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет. 6. Оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойып, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс. 7. Оқытушысы өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оқушыларды жақсылап ұғындыру арқылы барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып отырытын адам болуы керек.