Педагог – жазушы. «Пионер» 1953 ж. 7 – 12 бет Өткен жылы қазақтың оқу – педагогикалық баспасы қарт жазушы, көрнекті педагог Спандияр Көбеевтің «Орындалмаған арман» атты жаңа кітабын басып шығарды. Жазушы өзінің ұзақ жылдық педагогикалық қызметі жайын шығармаға өзек ете отырып, бұл кітапта қазақ халқының өткендегі өмірі мен қазіргі кеңестік дәуірді әңгіме етті. С.Көбеев 1901 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеп келеді. Өзінің оқытушылық қызметінің алғашқы кезінен бастап – ақ ол артта қалған қазақ ауылына «мәдениеттің шамшырағын жағуды» арман етті. Бұл жолы да ол бұқара халықпен тығыз байланыс жасайды. Жергілікті әкімдер Спандиярдың бұл қызметіне қарсы болды. Оған өкімдік, зорлық көсетті. Өзінің аға оқытушылық қызметіне орыстың классикалық әдебиетін пайдаланды. Ол елге А.С.Пушкиннің «Дубробский» мен Н.В.Гогольдің «өлі жандарын» әңгімелеп айтып беріп таратты. Ел ішіндегі бай, молда, ұлықтарды әшкерелеу мақсатымен Крыловтың мысалдарын аударды. Оның Крыловтан аударған 40 шақты мысалдары «үлгілі тәржіме» деген атпен 1910 жылы Қазақ қаласында басылып шығады. Бұдан кейін С.Көбеев Ы.Алтынсариннің үлгісімен қазақ балаларына арналған оқу кітабын құрастырады. Ол үлгілі бала деген атпен 1912 жылы басылады. Оған жазушы өз жазғандарын, орыс әдебиетінен үзінділер ауыз әдебиеті нұсқаларын кіргізді. 1913 жылы С.Көбеевтің «Қалың мал» романы басылып басылып шағады. Романның негізгі тақырыбы – революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік, қазақ әйелінің бас бостандығы мәселесі. «Қалың мал» – қазақ әдебиеті тарихындағы прозалық тұңғыш кесек еңбек, алғашқы роман. Сондықтан да ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық әдебиеттің өкілі есебінде С.Көбеевтің орны бар. С.Көбеевтің ұлы арманы кеңес өкіметі тұсында іске асты. Ол мәдениетті халықты гүл